Екеуі кетіп, біреуі қалды. ERG Қазақстанға НЕГЕ жақындай түсуі мүмкін?

Александр Машкевич өмірден өткеннен кейін, Еуразиялық олигархтар үштігінде буын ауысу процесі аяқталды. Бірақ енді билікке келген балалары мен өкілдері арасында әкелеріндегідей өзара келісім жоқ. Осыны Қазақстан Үкіметі ұтымды пайдалана алады.
Мәселе мынада. ERG акцияларының 40% – Қазақстанға, 20,7% – Александр Машкевичке, 20,7% – Мұқадасқан Ибрагимоваға (марқұм Әлиджан Ибрагимовтың жесірі), 18,6% – Патох Шодиевке тиесілі болып келді. «Еуразиялық үштік» бірігіп ERG-де 60%-ға иелік еткендіктен, олардың дауысы Қазақстан Үкіметінен басым түсіп жатты.
ERG-дің атқарушы директоры және Директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов әріптестері Сабир Патохұлы Шодиевпен және Машкевичтің өкілі Эдуард Сурлевичпен тіл табыса алмай жүр. Айталық, Ибрагимов оларға «Еуразиялық банкті» сатуға рұқсат бермей қойды. Соның салдарынан Ш.Ибрагимов Машкевич-Шодиев отбасы мүшелерімен соттасып та үлгерді.
Нақтыласақ, миллиардер Тимур Турлов «еуразиялық үштіктің» Eurasian Financial Co. компаниясын 1 млрд долларға сатып алмақ болған. Ал Eurasian Financial Co. 316 млрд теңге активі бар әрі өткен жылы топ-10 банктердің тізіміне кірген «Еуразиялық банктің» 100 пайыз акциясына иелік етеді. Міне, осы келісімді ERG директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов тоқтатып тастады.

Бақсақ, Шухрат Ибрагимов өз тағдырын Қазақстанмен байланыстыратын сияқты. Егер ERG корпорациясында Ш.Ибрагимов пен Қазақстан Үкіметі коалиция құрса, онда 60,7% пайыз дауыспен кез-келген шешімді өткізе алары даусыз. Бізге керегі – ERG-дің әлемдегі, әсіресе, Африкадағы тәбетін азайтып, сол жақтағы активтерді сатып, ат басын Қазақстанға бұрғызу.
Машкевич халықаралық деңгейде бизнес жасаймын деп, Қазақстандағы кәсіпорындарды «ВТБ» мен «Сбеобанкке» кепілге қойып тастаған. Әлгіндей жолмен Африкадағы активтерді сатудан түскен ақшаға осы қарыздарды қайтаруға әбден болады.
- Тақырыпқа орай: «Дімкәс Машкевич», «жұмбақ Сурлевич» және «жаңарған» ERG
Eurasian Resources Group (ERG) трансұлттық корпорациясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша шығынға батуы мүмкін. Себебі, ферроқорытпалар нарығы 2023 жылмен салыстырғанда бәлендей өскен жоқ. Бұдан бөлек, биылдан бастап ERG Ресейлік «ВТБ» мен «Сбер» алдындағы 4,7 миллиард доллар қарызын қайтара бастайды.
Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша ERG 142 миллион доллар (қазіргі бағаммен алғанда, шамамен 74,5 миллиард теңге) шығынға батып, акционерлеріне дивиденд төлей алмаған. Енді 2024 жылдың нәтижесі күрт жақсарып, қожайындары дивидендке қарық болады деп ойламаймыз.

Бұл – компанияның ірі акционері Қазақстан Үкіметі үшін ауыр соққы. Өйткені ERG пайда әкелудің орнына қарызға батуда. Бұл қарыз үшін мемлекет те жауапты. Сондықтан бізге басқарма деңгейіндегі оң шешімдер керек және процеске белсенді араласу қажеттілігі туындайды.
NEGE Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі С.Жұманғаринге және қаржы министрі М.Такиевке ERG Директорлар кеңесінің мүшесі әрі ҚР Үкіметінің өкілі ретінде тиісті ресми сауал жолдады. Жұманғарин мен Тәкиевтен толық әрі нақты жауап күтеміз.
Оқи отырыңыз:
- Біреуге ШОКОЛАД, біреуге ШАПАЛАҚ! Машкевичтер Қазақстан мемлекетін НЕГЕ балаша алдап келді?
- ERG мен Ескі Қазақстан арасындағы 16 жылдық махаббат. Үкімет дивиденд туралы ақпаратты НЕГЕ жасырады?
- «С какой СТАТИ?» МАШКЕВИЧТЕН де айлакер инвестор ҚАЛАЙ сорымызды сорпа етті?
- ERG-дің Қазақстанға тиесілі ақшасы. Оны мемлекет НЕГЕ жасырып отыр?
- Мемлекет ақшасына зауыт салып, оны мемлекетке кепілге қойып, ал дивидендтерді өзіне алып алу. НЕГЕ Машкевичтің қолынан бәрі келеді?
- ERG жыры. Жамаубаев пен Жұманғариннің Машкевичке шамасы жете ме?
- Лай суда жүзген лақа. Қазтаев қалай герцогтың көршісі болды?
- Қазақстанды желдетіп кетті. Машкевич НЕГЕ уақыт созу үшін түрлі жобалар ойлап таба бастады?
- ERG-дің ерке-тотайы. Қазтаев қазақтың көз жасына шомылып жүрген жоқ па?
- Машкевич тағы не бүлдіргелі жүр?
- Машкевич бізге әдемі «мат» қойды. ERG Қазақстандағы кәсіпорындарын НЕГЕ кредитке тығып тастады?
- Пайдасыз Машкевич. Қазақстан НЕГЕ ERG тарапынан көк тиын дивиденд алмады?
- Қауіпті құдалық: Машкевич Мәсімовпен қалай «туыс» болып шықты?
- «Машкевичтің дәрігер досы». Солоп тілшімен кездесуден НЕГЕ қашты?
- СБЕР-мен меморандум: Тағы да «Еуразиялық үштіктің» құлағы қылтиды
- «Президентке ақшаны кілемге орап апарған». Машкевич пен оның достары тағы дауға шатылды
- Машкевич экс-президентке қанша пара берген?