USD
USD
USD

ҰҚК Назарбаевтың қайын ағасы Есполовтың ұсталғанын растады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовтың ұсталғанын растады.

орган
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы ведомства Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында айтқан.

«Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК алдын ала тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Басқа ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес жариялауға жатпайды», – делінген ҰҚК хабарламасында. 

Айта кетейік, Айдос Есполов – қазақстандық кәсіпкер және бұрынғы мемлекеттік қызметші. Ол Еуразиялық технологиялық университеттің құрылтайшыларының бірі болған.

Бұған дейін ол мұнай өңдеу зауытының коммерциялық директоры, Сенат аппараты басшысының көмекшісі, Ақтөбе әкімінің орынбасары секілді лауазымды қызметтер атқарған. 

Сонымен қатар, Есполов Нұрсұлтан Назарбаевтың тоқалы Әсел Құрманбаеваның туған бауыры. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар