USD
USD
USD

ЖРВИ: Шамамен 250 мың оқушы қашықтан оқуға көшті

Қазақстанда шамамен 250 мың оқушы ЖРВИ-ға байланысты қашықтан оқуға көшті.

онлайн оқу
Фото: 1gorpol.kz

Астана, NEGE. Елде ЖРВИ өршуіне байланысты онлайн-оқуға ауыстырылған сыныптар саны өсіп келеді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәліметінше, қазір 13 өңірдегі 903 мектептің 11 813 сыныбы қашықтан білім беруге көшкен. 

Бір күн бұрын онлайн оқуға 9,5 мың сынып көшкені хабарланған еді, бұл өсімнің жалғасып жатқанын көрсетеді. Мектептер толық жабылмайды – қашықтан оқуға тек оқушыларының кемінде 30%-ы ауырған сыныптар ғана жіберіледі.

Маусым басталғалы бері Қазақстанда шамамен 2 млн ЖРВИ жағдайы және зертханалық түрде расталған гонконг тұмауының 1200-ден астам жағдайы тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы