USD
USD
USD

Майқайың апатына қатысты сот үкімі шықты

Екібастұз қалалық сотында «Майқайыңалтын» АҚ-ның жауапты тұлғалары болып саналатын алты сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

сот үкімі
Фото: mk-kz.kz

Астана, NEGE. 2024 жылдың 4 қаңтарына қараған түні «Майқайыңалтын» компаниясында апаттық-құтқару қызметінің автобусы  шұңқырға құлап кетті. Жол төсемінің астында жерасты қуыс болған. 

Автобуста болған төрт құтқарушы қаза тапты.

Сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жауап алынған куәлардың айғақтарымен, арнайы тергеудің хаттамасымен және басты сот талқылауында зерттелген басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденді,- делінген сот хабарламасында.

Барлық айыпталушылар ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігі - Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша кінәлі деп танылды. 

Сот үкімімен:

  • Компанияның бас директоры - 4 жылға,
  • Оның бірінші орынбасары мен бас инженер 3 жыл 6 айға,
  • Учаске басшылары 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды. 

Ал, шахта директорына 75 жасқа толған жасын және денсаулық жағдайын ескеріп 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ сотталушылар екі жыл мерзімге тау-кен саласында басшылық қызметтер атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңге болды

Ақша

Ақтөбе облысында жүзден астам адам уланып қалғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Адам ұрлау

Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір Mercedes сатылымға шығарылды

Перизат Қайрат

Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз адам қағып кеткен әйелдің жазасы кейінге қалдырылды

со  үкімі