USD
USD
USD

Сатиралық пабликтердің авторы Темірлан Еңсебек қайтадан тергеуге шақырылды

Qaznews 24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебек қайтадан тергеуге шақырылды. Бұл туралы азаматтық белсенді Мария Кочнева хабарлады.

сатира
Фото: instagram.com/qaznews24

Астана, NEGE. Кочневаның айтуынша, бұл жолы тергеу Қылмыстық кодекстің 274-бабы – «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жүргізілмек. Биыл қаңтар айынан бастап Еңсебектің парақшаға кіре алмайтыны және оны жүргізбейтіні айтылғанына қарамастан, ол қайтадан қылмыстық қудалауға ұшыраған. 

Егер Темірлан Еңсебекке осы бап бойынша тағылған айып дәлелденсе, ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Еңсебек «жалған ақпарат таратты» деген айыппен бірнеше ай қамауда болған еді.

11 сәуірде Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты Темірлан Еңсебекті ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыптап, бес жыл бас бостандығын шектеу жазасына кескен.

Сонымен қатар ол сатирикалық жазбаларды әрі қарай жариялау құқығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы