USD
USD
USD

Путин ҰҚШҰ елдеріне ресейлік қаруды сатып алуды ұсынды

Қырғызстанда өтіп жатқан ҰҚШҰ саммитінде Ресей президенті Владимир Путин ұйым елдерін «заманауи ресейлік қарумен» қамтамасыз етуді ұсынды, – деп жазады Настоящее время басылымы.

ОДКБ
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Ол ресейлік қару-жарақ өз мүмкіндігін дәлелдеді деп санайды. 

«Ұжымдық күштерді қазіргі заманғы ресейлік қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен жарақтандырудың ауқымды бағдарламасын іске қосуды ұсынамыз. Бұл үлгілер өз тиімділігін нақты әскери қимылдар барысында дәлелдеді», – деді ол. 

Путин нақты қандай қару түрлерін сатып алуды ұсынатынын атаған жоқ, алайда ұйымның авиациялық күштерін және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамытуға ерекше назар аудару керектігін айтқан.

Сарапшылар Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстан басқа елдерден сатып алынған дрондарды қолданып жүргенін атап өткен. Олардың сөзінше, қару-жарақ нарығында Ресей Қытайдан, Израильден және Түркиядан ұтылып жатыр.

Мысалы, Қырғызстан түріктің «Байрактар» TB2 орта биіктіктегі соққы дрондарын және Қытайлық Zhongtian ZhiControl компаниясымен бірге дрон өндірісін бастамақ.

Қазақстанда Turkish Aerospace Industries компаниясының көп мақсатты Anka дрондары бар, сонымен қатар 2022 жылғы мамырдан бастап Түркиямен бірге өз территориясында дрон өндірісін ұйымдастыру туралы келісімге келген.

Тәжікстан да өз елінде дрон өндіруді жоспарлап отыр, бірақ ол ирандық дрондар болмақ. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ