23 сентября 2025 г. 17:51

Сенат төрағасы Орталық Азия мемлекеттерінің III парламентаралық форумында сөз сөйледі

Фото: Парламент

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Палата делегациясы Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Сенат Спикері Бішкекте өткен Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумында сөз сөйледі және Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулумен кездесті.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ қазақстандық делегация Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумына қатысты.

Мәулен Әшімбаев Орталық Азия мемлекеттерінің III парламентаралық форумына қатысушыларға ілтипат білдіріп, қырғыз халқын Ұлттық тіл күнімен құттықтады. Сонымен қатар ол бұл кездесулер Орталық Азия үшін маңызы зоркиелі орындарда өткізіліп келе жатқанына назар аударды. Сенат Төрағасы өз сөзінде III Форумды өткізу парламентаралық байланыстарды нығайтудың символы және тарихқа, бауырластыққа, жарқын болашаққа деген ортақ ұмтылысқа құрмет екенін атап өтті.

Палата Спикері қазіргі таңда Орталық Азияныңәлеуетін дамыту және күрделі геосаяси ахуал мен әлемдік экономикадағы тұрақсыздық жағдайындаөзекті проблемаларды шешуге жәрдемдесужолында парламенттік дипломатияның маңызы арта түскенін айтты. Осы орайда ол қолға алынғанбастамалардың іске асырылуын жеделдету ісінде Парламенттер ықпал ете алатын негізгі бағыттарға тоқталды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылы «Орталық Азия ренессансы» атты мақаласында «алдағы он жыл біздің аймақтың болашағын айқындайтын кезең болады және осы тарихи мүмкіндікті қаншалықты тиімді пайдалана алатынымыз тек өзімізге байланысты» деген еді. Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумы аясындағы бірлескен қадам осы ортақ мүддеге табан тірейді. Қазірдің өзінде белсенді жұмыс жүргізіліп жатқан және Парламенттер қолға алынған бастамалардың іске асырылуынжеделдетуге ықпал ете алатын бірқатар негізгі бағытты атап өткім келеді. Ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үшін заңнамалық негізді нығайтудың мәні зор. Екінші маңызды бағыт – жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізуді заңнамалық тұрғыдан қолдау. Біз Өзбекстан Парламентінде ЖИ туралы заңды қарау аяқталғанын жәнеҚырғызстанда Цифрлық кодекс қабылданғанын білеміз. Қазақстанда да Цифрлық кодекс әзірленіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Бұл орайда біздің заңдарымыздыңбір-бірінен алшақтамауы және ұқсас қағидаттармен тәсілдерді қолдану аса маңызды», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар өңірлік өзара іс-қимыл үшінөзекті мәселе экологияға қатысты проблемалар, нақты айтқанда, Парламенттің қатысуын талап ететін су-энергетикалық ынтымақтастықбағытындағы түйткілдер екені айтылды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Су мұнаралары серіктестігі бастамасын ұсынды. Оның мақсаты – мұздықтарды зерттеу және қорғау үшін жаһандық ғылыми орталықтардың күш-жігерін біріктіру арқылы гляциологиялық ғылымды жүйелі қолдау. Бұл ретте Тәжікстан мен Францияның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Криосфералық ғылымдар бойынша онжылдық іс-қимыл айрықша мәнге ие. Соны ескере отырып, біз осы маңызды мәселені шешу жолында өзара байланысты одан әрі арттырудың берері мол деп есептейміз. Бүгінде өңірде экологиялық күн тәртібін ілгерілету бағытында айтарлықтайшешімдер қабылданып жатыр. Мұндай жағдайда бізге су-энергетикалық және экологиялық реттеуді заңнамалық деңгейде синхрондаудың маңызы жоғары», – деп, Сенат Спикері өзара іс-қимылдың алдағы кезеңдегі басқа да негізгі бағыттарын тілге тиек етті.

Форумның күн тәртібін талқылау барысында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Парламенттері Палаталарының басшылары мен өкілдері парламентаралық байланыстың тиімділігі аймақтың дұрыс даму траекториясын қалыптастыруға және оның келешегіне тікелей әсер ететінін айтты. Сондай-ақолар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту және қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді іске асыру барысындағы бірлескен жұмыстың маңызына назар аударды.

«III Парламентаралық форумды Бішкекте өткізу парламенттік өзара іс-қимыл мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне толық сәйкес дамитынын растай түседі. Егер бірінші Форум парламенттік интеграцияның негізінқаласа, екіншісі оның күн тәртібін кеңейтті. Ал, үшінші Форум біздің бұдан да нақты әрімазмұнды жұмысқа көшетінімізді көрсетеді. Мемлекеттеріміздің басшылары Орталық Азия өңірінде кооперация мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін белгілеп берді. Бұл ретте Парламенттердің, яғни біздің басты міндетіміз –Президенттеріміздің барлық уағдаластықтарын тиімді іске асыруға үлес қосу және прагматикамен сенімге негізделген бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыру. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумы парламентаралық өзара іс-қимылдың пәрменді және перспективалы тетігі ретіндеерекше маңызға ие екенін тағы да атап өткім келеді», – деді Мәулен Әшімбаев.