USD
USD
USD

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан «Ортақ Атамекен: Өңірден басталған өрлеу» атты аймақтық форумда айтылды.

кәсіпкерлік
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев елде мемлекет пен бизнес арасындағы тұрақты диалог жүйесінің қалыптасқанын атап өтті.

Оның мәлімдеуінше, бұл бағытта 2022 жылдан бері 631 мәселе қаралып, оның 43,9%-ы оң шешімін тапқан. Вице-министр қолдау шараларының тиімділігін арттыруға және қаржыландырудың нарықтық тетіктеріне көшуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты.

Вице-министрдің дерегінше, 2025 жылы 365 млрд теңгеге шамамен 3400 ШОБ жобасы субсидияланды. Сондай-ақ өткен жылы 3 100-ден астам ШОБ жобасына қолдау көрсетілген. Оның жалпы сомасы – 509 млрд теңге.

Сонымен қатар Сағынаев кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылғанын атап өтті. 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына тоқталып өтті. 

Сәрсекеев келтірген дерекке сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Өрлеу» аясында жалпы сомасы 588 млрд теңге болатын 2 328 жоба қолдау тапқан. Ол кепілдендіру жүйесі ШОБ субъектілері мен ірі инфрақұрылымдық жобалар үшін кепілзат тапшылығы мәселесін шешуде маңызды рөл атқарып отырғанын айтып өтті. 

«Жалпы алғанда, 2025 жылы қолдау шараларын қаржыландыру көлемі 2,2 трлн теңгені құрады, ал 2026 жылы бұл көрсеткішті 3 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр», –деді Фархат Сәрсекеев.

Бұл ретте қор басшысы қолдау құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлерді кеңінен қамту мәселесі көзделіп отырғанын айтып өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ