USD
USD
USD

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды

Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты.  

Ұшақ
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Әуе компания өкілдерінің хабарлауынша, орындалмайтын рейстер жолаушыларына әуе билеттерінің толық құны айыппұлсыз қайтарылады немесе жолаушылар сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстерге билеттерді тегін қайта брондай алады.

«Сондай-ақ, тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейінгі Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды», – делінген компания хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді тоқтату мерзімін 1 сәуірден 30 сәуірге дейін ұзартқан еді.

Қазір оқып жатыр

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз