USD
USD
USD

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Заңгер және қоғам белсендісі Ержан Есімханов Алматыда жүргізіліп жатқан қазіргі жаңғырту жұмыстарын сынап, желіде жазба жариялады.

Дархан Сатыбалды
Фото: Алматы әкімдігі

Астана, NEGE. Оның пікірінше, қаланың тарихи орталығында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарынан Алматының тарихпен байланысы біржола үзіледі, қала өзіндік болмысы мен ерекше тартымдылығынан айырылады.

«Меніңше, бұл өзгерістер қаланы біртіндеп бәріне ұқсас, біркелкі қалыпқа түсіріп бара жатқандай. Иә, қала таза, жинақы, сырт көзге тартымды болуы мүмкін. Астанадан келген шенеуніктер де емін-еркін аралап, бәріне риза болып кететіндей жағдай жасалып жатыр.

Бірақ соның салдарынан біз жақсы көретін ең басты нәрсе – қаланың өзіне ғана тән бірегейлігі жоғалып барады», – дейді ол.

Сондай-ақ заңгер қазіргі қала басшысы Дархан Сатыбалдыны нағыз «Instagram әкім» деп атап өтеді: әкім парақшасында күн сайын бірде құбырларды тексеріп жүргенін, бірде аудандарды аралап жүргенін көрсетеді... Бірақ бұл белсенділік қала мәселесін шешудің көрсеткіші бола ала ма?

Ержан Есімханов қала орталығындағы тұрғын үйлердің қасбетін жаңғырту кезінде сапалы материалдардың орнына ескі арматура қолданылып, оны қабырғаларды тесіп бекітіп жатқанына ел назарын аударады. 

«Бір-екі жыл ішінде бұл құрылым опырылып түсуі мүмкін, өйткені Алматының климаты жыл бойы қатты құбылып тұратын, тұрақсыз», – деп жазады заңгер.

Бұған қоса ол қала әкімдігінің ағаштардың биіктігін 7 метрден асырмау бастамасына таңданысын жасырмайды. Бұл бастама тамыры тереңге кеткен қарағаштар мен емендерге залалын тигізуі мүмкін екені анық, дейді ол.

Бұл ретте заңгер қаланы жаңғыртуда асығыстық танытпауға, жөндеу жұмыстарын қала тұрғындарымен ақылдасып, тарихи мұраны сақтай отырып, сапалы материалдарымен жүргізуге үндейді.

Қазір оқып жатыр

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

кәсіпкерлік

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

.

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді

Депутат