USD
USD
USD

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Бас әскери прокуратура 23 қаңтарда сарбаз Қазыбек Оспановтың қаза болу дерегі бойынша Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің батальон және взвод командирлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Қазыбек Оспанов
Фото: Отбасылық архивтен

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, тергеу барысында лауазымды тұлғалардың бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол бергені, қаза болған әскери қызметшіге және оның алты қызметтесіне психологиялық қысым көрсеткені анықталған.

«Сонымен қатар взвод командирі қару-жарақты сақтау тәртібіне тиісті бақылау жүргізбей, қызметтік міндеттерін орындаудан шет қалған. ...Билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау фактілері бойынша бірнеше эпизодтан тұратын қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды», – делінген Бас әскери прокуратура хабарламасында.

Әскери бөлім командирі және оның екі орынбасары лауазымдарынан босатылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті