USD
USD
USD

Щучинскіде дәмханада болған жарылыс: тағы екі адам ұсталды

Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» дәмханасында болған жарылыс бойынша автомобиль газ құю станциясының директоры мен газ баллондарды жеткізушінің ұсталғанын хабарлады.

жарылыс
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Олар баллондарды толтыру және жеткізу бойынша қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деп күдікке ілінген.

Прокуратураның мәлімдеуінше, күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда екіден көп адамның ауыр зардаптары мен өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) сараланды. Бұл баптың санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын қарастырады.

«Күдіктілердің біріне қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау", ал екіншісіне "үй қамағы" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды. ​

Еске салсақ, 26 ақпанда Щучинскідегі «Центр плова» мейрамханасында жарылыс болды. 2 наурызда дәмхана иесі ұсталып, 4 наурызда ол екі айға қамауға алынды. Алдын ала болжам бойынша, жарылыс тұрмыстық газ баллондарын дұрыс қолданбаудан болған. Салдарынан барлығы 13 адам қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.