USD
USD
USD

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Арқалық қаласында жол-патруль полициясы қызметкерлері қолданатын арнайы WhatsApp-чаты бар екені белгілі болды. Онда олар өздерінің таныстары мен жақындарының көліктерінің суреттерін әріптестері тоқтатпауы үшін жіберіп отырған. Бұл туралы сотта бұрынғы полицей мәлімдеді.

.
Фото: Nege.kz/ЖИ

Астана, NEGE. Арқалықта жол-патруль полициясының инспекторына 4 млн теңге айыппұл салынды. Ол масаң күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтан пара ретінде автокөлік шиналарын алып, оның кедергісіз көлік жүргізуіне мүмкіндік берген.

Іс барысында анықталғандай, шиналарды алғаннан кейін капитан әлгі жүргізушінің көлігінің суретін «ГАИ» атты WhatsApp-чатына жіберген. Бұл чатта Арқалықтағы патрульдік полиция қызметкерлері отырған.

Соттағы айғаққа сәйкес, бұл топқа полицейлер көбіне өздерінің таныстары, туыстары мен достарының көліктерін ғана жіберіп отырған. Яғни, көліктің суреті осы чатта болса, жол полициясы оны тоқтатпайтын болған.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жолдағы тәртіпті күшейтіп, құқық қорғау органдарын заң бұзған жүргізушілерге араша түсетін қызметкерлерден тазарту қажет екенін айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.