8 Қыркүйек 18:00
...

57 миллиард доллар жоғалтқан. НЕГЕ Еуразиялық экономикалық одақ минусқа кетті?

Фото:

Коронавирус мен мұнай бағасының құлауы Еуразиялық одақтың экономикасын 57 миллиард долларға қысқартты. Оның 80 пайызын Ресей жоғалтып отыр. Қазақстан да Одақпен бірге минусқа кетіп барады.

2020 жылдың бірінші жартысында ЕАЭО мемлекеттерінің өзара сауда-саттық көрсеткіші соңғы төрт жылда алғаш рет теріс тенденцияны көрсетті, деп жазады, Одақ комиссиясындағы сауда статистикасына жауапты бөлім. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара экспорттық жеткізілімдерінің көлемі шамамен 24 миллиард долларды құрады, бұл өткен жылға қарағанда 15 пайызға аз.

 

"ЕАЭО экономикасының 80 пайызы - ол Ресей", - дейді, бізге түсініктеме берген Экономикалық бастамаларды қолдау қорының сарапшылары. "Ресейдің негізгі экспорты минералды ресурстар. Ол мұнай, газ және түрлі-түсті металлургия".

"Мұнайдың бағасы пандемия алдында, яғни наурыз айында құлдыраса, коронавирусқа қатысты карантин барлық экспортқа кіретін тауарлар құнын түсіріп жіберді. Ол бірден Ресейдің де, экономикалық одақтың да статистикасын нашарлатты. Қазақстан да сондай жағдайды бастан кешті. Осы екі елден бөлек, Беларусь, Қырғызстан мен Арменияның ортақ экономикадағы үлестері мардымсыз. Сондықтан, Ресей мен Қазақстанның жағдайы қандай болса, ЕАЭОның жағдайы да тура сондай болады"

Экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші елдермен жасаған сыртқы сауда  көлемі 2020 жылғы қаңтарда 295,2 млрд долларды құрады, оның ішінде тауар экспорты 177,6 млрд доллар, импорт 117,6 млрд доллар болды. Былтырға қарағанда сыртқы сауда айналымының көлемі 16,2% немесе 57,1 млрд долларға азайған.

Тегтер: