USD
USD
USD

Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары қашан аяқталады?

2025 жылы Алматыда төрт жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Ссйран
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «2025 жылдың маусым айында 4 қоғамдық кеңістікті көркейту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Атап айтар болсам, Ақсай-4 және №12- ші шағын аудандарындағы скверлер, Мамыр - 4 және Жетісу-3 шағын аудандарындағы жаяу жүргіншілер аймақтары. Бұл жобалар аясында жаңа балалар және спорт алаңдары, көше жиһаздары, демалысқа арналған күркелер орнатылып, жарықтандыру жаңартылады және жасыл желектер егіледі», – деді Алматы әкімі.

Негізгі жобаларының бірі – Сайран көлінің жағалауын жаңарту жұмыстары.

«2024 жылдың соңында негізгі құрылыс жұмыстары бітті, ал биыл мамыр айында жобаның соңғы кезеңі аяқталады. Сайран көлі қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды демалыс орындарының біріне айналады деп сенемін», – деді Ерболат Досаев.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек