Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесті

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен кездесті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Экономиканың түрлі секторындағы, цифрландыру және инновация салаларындағы Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімге келу үдерісі басталғанын оң бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім Қазақстан мен Еуропа Одағының ықпалдастығына негіз болып отырғанын жеткізді, қарым-қатынасты одан әрі тереңдететін төрт басым бағытты атады:

– энергетика,

– инфрақұрылым және өнеркәсіп жобалары,

– көлік-логистика желілерін кеңейту,

– цифрлық инновация, озық технологиялар мен жасанды интеллект.

Урсула фон дер Ляйен көлік-логистика саласындағы, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді жобаларды іске асырудың маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда сирек кездесетін металдардың ірі кен орнының табылуымен құттықтады.

Тараптар С5+ЕО аясындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова