Ұлттық банк бюджетті толықтыру үшін Ұлттық қордан 600 миллион доллар жұмсады

Ақпан айында Ұлттық қор республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін $600 млн бөлді.
Алматы, NEGE. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 13%-ына немесе күніне шамамен 30 млн АҚШ долларға тең. Наурызда үкіметтің алдын ала болжамы бойынша Ұлттық қордан валюта сату көлемі 700-800 миллион долларға дейін артуы мүмкін.
Осы операциялардың аясында теңге бағамы 3,7%-ға нығайып, бір доллар үшін 499,09 теңгеге жетті. Қазақстан қор биржасындағы орташа күндік сауда көлемі $227-ден $237 млн-ға дейін өсті, ал бір айдағы жалпы көлемі $4,7 млрд болды.
Қаңтарда Ұлттық Банк монетарлық бейтараптыққа қол жеткізу үшін отандық алтын өндіруші кәсіпорындардан алтын сатып алу нәтижесінде теңге эмиссиясына балама көлемде АҚШ долларын ішкі валюта нарығында сатуды көздейтін тепе-теңдік тетігін енгізу туралы шешім қабылдады. Ақпанда тепе-теңдік операциясы аясында 250 млрд теңге алынды. Наурызда осы мақсатта шамамен 250 млрд теңге баламасында валюта сатылмақ.
Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ тепе-теңдік тетігін іске асыру сәтінде Ұлттық Банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.
Ұлттық Банк ақпанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату жөнінде норма енгізілетінін ескере келе, Ұлттық Банк осы ақпаратты жариялауды қайта қолға алады. Осы норма аясында өткен айдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сату көлемі шамамен 274 млн АҚШ долларына пара-пар болды.
Тағы бір өзгеріс өткен жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесі кезең-кезеңімен 40%-ға дейін жеткізілді. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірісін шетелдік нарықтарға инвестициялау арқылы әртараптандыру және арттыру мақсатында Ұлттық Банк валюталық үлесті шамамен 40% деңгейінде қолдауды жоспарлап отыр. Теңге бағамының нығаюына, сондай-ақ зейнетақы жарналарының түсуіне байланысты БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 40%-дан төмендетеді.
Осыған байланысты Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліне АҚШ долларын сатып алуды қайта бастайды. Наурызда сатып алуға қатысты жоспарлы көлем 250 млн АҚШ долларынан аспайды. Валютаны сатып алу нарықтық конъюнктураға байланысты жүзеге асырылады. Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы ретінде ұзақмерзімді кезеңде нақты кірістілікті алуды және оның сақталуын қамтамасыз етуді басты назарда ұстайтынын айта кеткен жөн.