USD
USD
USD

«Қазцинк» спортты дамытуға бір миллиардтан астам теңге бөледі

Елдегі ірі тау-кен металлургия компанияларының бірі спортты дамытуға және қазақстандық спортшылардың жарыстарға қатысуына 1,25 миллиард теңге бөлмек.

ҰОК
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Осыған байланысты тиісті құжатқа «Қазцинк» ЖШС басшылығы мен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті арасында қол қойылды.

– Дене мәдениетін дамыту – біздің компанияның әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі, – деп атап өтті «Қазцинк» ЖШС бас директоры Жанат Жанботин.

– Біз спорттық бастамаларды, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін белсенді түрде қолдаймыз, сондықтан Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысқа да көмектесуге қуаныштымыз. Бұл отандық спортшылардың дамуына зор серпін беретініне сенімдімін.

Компания бөлген қаражат тиісті спорт федерацияларына бағытталып, басымдыққа ие олимпиадалық спорт түрлерімен қатар, болашақта әлеуеті жоғары спорт салаларын да қамтитын болады.

– Спортты дамыту сенімді әрі мықты серіктестерсіз мүмкін емес. Олар олимпиадалық қозғалыстың құндылықтарын бөлісіп, қолдау көрсетеді. «Қазцинкке» спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің әріптестігіміз ортақ мақсаттарға жетуге бағытталған тиімді серіктестіктің үлгісі боларына сенемін, – деп мәлімдеді Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі