USD
USD
USD

Спирттелген маска VS кір сабын

Соңғы кездері желіде маскаға спирт құйып алып, сонымен дем алғанның арқасында ғайыптың күшімен бір-екі күнде коронавирустан жазылып кеткені туралы жазып жатқандардың жазбасын жиі көзім шалды.

Спирттелген маска VS кір сабын
Фото: NEGE.kz

Осыған байланысты орыс, ағылшын тіліндегі сайттардан біраз маманның комментарийлерін оқып шықтым. Сонымен резюме мынандай: бұл былшылдаған bullshit!
Түсіндірейін. Кез келген вирус РНҚ, ақуыз және липидтер секілді үш негізгі заттан тұрады. РНҚ (рибонуклеин қышқылы) ­­– вирустың генетикалық материалы. Ақуыздар – вирус құрылымының негізі. Әрі вирусты «көздеген» жасушаға жеткізумен айналысады. Вирусты қоршап тұратын липидтердің міндеті: оны қорғау және таралуына ықпал ету. Осы өздігінен қосылған үшеудің ішіндегі липидтер кәдімгі майларға жатады. Спирт вирустың осы липидті қорғанышын бұзуға қауқарлы. Бірақ, ол үшін спирттің мөлшері 65 пайыздан кем болмауы керек!

Ал спирт буында ондай мөлшердегі этил спирті кездеспейді! Спиртті иіскеймін деп, мұрынның шырышты қабығын күйдіріп аласыз. Оның қандай зияны барын жазсам ұзынсонар жазба боп кетеді.

Кейбіреулер спирттің «емдік» қасиетін иісі басына дейін жеткенімен дәлелдегісі келеді. Ал ғалымдар мұны спирт буының венаға түсіп, басқа жететінімен, сөйтіп спирттің организмді улауымен түсіндіреді. Сондықтан профилактика үшін немесе, Құдай сақтасын, емделемін деген мақсатпен маскаға спирт құйып иіскеуден аулақ болыңыз. Біреудің обалына қалмау үшін өзгелерге осылай жасауға кеңес бермеңіз!

Оның орнына үнемі қолды сабынмен жууды насихаттаңыз. Сабын кез келген майды кетіретіні белгілі. Ал вирустың сыртқы қабығы липидтердің кәдімгі майлар екенін жаздық. Қарапайым кір сабын вирустың қорғанысын талқандайды да, оның қосылыстары ыдырап, әрі қарай вирус қауқарсыз болып қалады.
Спиртпен қолыңызды, қолданған затыңызды сүртіңіз. Болмаса мирамистин немесе хлоргексидин көмектеседі.
Әйтеуір спирт иіскеймін деп дерт үстіне дерт жамап алмаңызшы.

Дәнеш Байболатов, журналист.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.