«Үшқоңыр» резиденциясының маңындағы жер телімі аукционға шығарылды
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Алматы облысында орналасқан 10 жер телімін аукционға қойды. Лоттардың бастапқы жалпы құны – 1,5 миллиард теңге.
Алматы, NEGE. Олардың бесеуі елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылы Шамалғанда орналасқан. Ең арзан жер телімі 54,6 миллион теңгеге бағаланса, ең қымбаты 217 миллион теңге тұрады.
«Бағаланған нысанның орналасқан жері жағынан тиімді: әлеуметтік инфрақұрылым, көлік қатынасы және экологиялық жағдайы жақсы. Жер телімі Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты қорғалатын аумақпен шекаралас, «Үшқоңыр» резиденциясына апарар жолда, бақылау-өткізу бекетінен кейін, Шамалған ауылынан 16 шақырым жерде орналасқан. Кіреберіс және өтетін жолдары ыңғайлы. Жол төсемі асфальт және таспен көмкерілген. Жер беті тегіс, жол талғамайтын көлікпен телімнің кез келген бөлігіне жетуге болады», – делінген ауданы 50 гектар болатын жер телімінің сипаттамасында.
Жанында орналасқан кейбір көршілес телімдер селге қарсы траншеялармен қорғалған. Олар екі түрлі мақсатта пайдаланылады: малдың өтуін шектеу және еріген судан шабындықтарды қорғау.
Қазір оқып жатыр
Абзал Құспан Құрылтайға неге өтпеді және ендігі жоспары қандай?
Рақымшылық аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар кешірілді
Тоқаев: «Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды»
СҚО-да бюджет қаражатын жымқырғаны үшін ауылдық әкімдік бухгалтерлері сотталды