4 Қыркүйек 07:23
...

Қара күзде жағдай қалай болады? Nege-нің сауалдарына вице-министр жауап берді

Фото:

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдау жасағанға дейін Nege.kz порталында «Құпия құжат»: Күзде төтенше жағдай қайта орнауы мүмкін» деп аталатын мақала жарияланған. Онда көпшілік біле бермейтін біраз жайт сөз болады. Осы мақалаға байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған сауалдарымызға вице-министр Людмила Бюрабековадан жауап келді.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жұртшылықпен байланыс департаменті (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің 2020 жылғы 10 тамыздағы хатыңызды қарап, құзыретіне қатысты қойылған сұрақтарға төмендегідей жауап жазды», ­– дейді хатта.

– Қауіпсіздік кеңесі мен Президент Әкімшілігі бірігіп, пандемиямен күреске байланысты дайындаған қандайда бір кұжат Денсаулық сақтау министрлігіне түсті ме? Түссе, ол қандай құжат?

– 2020 жылғы 29 мамырда «Биологиялық  қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі шықты.

– Күз-қыс айларында төтенше жағдай режимі қайта орнап, төтенше жағдайлар министрлігі қайтадан құрылуы мүмкін бе?

–  Бұл сұрақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатады.

– КВИ мен пневмония жұқтырғандардың саны жыл аяғына қарай 2,5-2,6 млн. адамға жетуі мүмкін бе? Осылай болған жағдайда еліміз дайын ба?

– Бірінші індеттің тәжірибиесін және алдағы ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымын ескере отырып, коронавирустық инфекцияның екінші толқынына алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде емдеу ұйымдарының науқастарды қабылдауға дайындығы және медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер қоры (24 млрд теңгеге препараттар қоры дайындалды) дайын.

Бұған қоса, зертханалардың қуатын арттыру үшін қосымша ПТР жабдықтар жиынтығы, кешенді мобильді зертханалар сатып алынды.

– Қазақстанда дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдық, маска жеткілікті ме?

Дәрі-дәрмек және маскаларға қатысты: COVID-19-дың екінші толқыны болжануына дайындық мақсатында Бірыңғай дистрибьютор мынадай шұғыл шаралар әзірлеуде: стационарлық деңгейде емделушілерге 8,7 млрд теңгеге қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынды. Ол 40 мың пациентке жеткілікті.

Қазіргі таңда екі айға жеткілікті COVID-19 препараттары сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютор 44 атаулы дәрі-дәрмекті 8,2 млрд. тенге сатып алуда. Олар 100 мың науқасты стационар деңгейінде емдеуге жеткілікті. Бұл шара COVID ауруының екінші толқынына дәрі-дәрмектер резервін құруға және қажеттіліктерді дұрыс жоспарлауға септігін тигізеді. Ағымдағы жылға қыркүйек айының соңына дейін жеткілікті мерзімде дәрі-дәрмек толықтырылатын болады.

Сонымен бірге, жеке дәріханаларға дәрі-дәрмектер карантин кезеңінде Министрлік жанындағы «СК-Фармация» ЖШС арқылы жеткізілетін болады.

Анықтама үшін: өтінімдерге сәйкес, екі айға жететін дәрі дәрмекті сатып алуға бөлінген бюджет жоспарланған 24 млрд теңгенің орнына 8,2 млрд теңге жұмсалатын болды.

«СК-Фармация» ЖШС карантин кезеңінде бөлшек сауда пунктерін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету операторы болу қаулысы қабылданды.

«СК-Фармация» ЖШС өңірлердің сұранысы бойынша тапшы дәрілерді сатып алады.

Бұл жеке дәріханаларды қысқа мерзімде COVID-19 препараттарымен, сонымен қатар маскалармен толтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді жеткізу әр дәріханаға қалаларда да, ауылдық жерлерде соңғы миляға дейін жүзеге асырылады. Және коорданация жұмысы бірыңғай деңгейге жетілдірілді. 

Бүгінгі таңда COVID-19 екінші толқынына дайындалу барысында COVID-19 нозологиясы енгізілуіне байланысты, амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтілді. Оған 5 атаудан тұратын дәрі-дәрмек тізбегі кірді.

Яғни, КОВИД-19 ауруының жеңіл ағымы бар диагнозы қойылған, ПЦР сынағының нәтижелеріне қарамастан, емделушілер дәрігердің тағайындауымен өздері бекітілген клиникаларында антибиотик препараттар мен антикоагулянттарды (парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, апиксабан және дабигатран) дәрілерін тегін ала алады.

COVID-19 нозологиясын енгізуіне байланысты амбулаториялық деңгейде шамамен 1 миллион адамды 8,6 млрд. теңгеден астам қаражатты құрайтын дәрі-дәрмекпен қамту жоспарланған.

«СК-Фармация» ЖШС тарапынан аталған дәрілерді емханаларға жеткізуге арналған жұмыстар жүргізілді. Қазақстандықтар ол дәрі-дәрмектерді өздері тіркеуде тұрған емханаларда ала алады.

2020 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютор тізімінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1 415 атауы бар.

Оның ішінде стационарлық көмек үшін 1177, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 649 атау тағайындалған.

Қазіргі уақытта амбулаториялық қамтамасыз ету үшін 102,44 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 545 атауы, жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 88,98 млрд теңгеден астам сомаға 1143 атау жөнелтілді.

Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына (төрт өңірлік хаб: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент) 1,0 млрд теңге сомасына отандық өндірістің 243 атауы, оның ішінде 673,5 млн теңге сомасына КВИ емдеуге арналған дәрілік заттардың 37 атауы және 3,32 млрд. теңге сомасына импорттық және 291 медициналық бұйым мерзімінен бұрын жеткізілді. Биылғы жылдың 21 тамызына дейін барлық өңірлерге жөнелтілетін болады. Медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша жалпы сомасы 15,01 млрд теңгеге қосымша қажеттілікті заттарды сатып алу жалғасуда. 7,4 млрд теңге дәрі-дәрмек пен медициналық аппараттар сатып алынды.

Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында 2020 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша құны 2,09 млрд теңге дәрілік заттар қалдығы бар.

КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына дәрілік заттардың 94 атауы енгізілген, олардың 45-і – отандық тауар өндірушілердің өнімі (47%) және 49-ы – импорттық өнім. Осылайша, КВИ-мен күресте азаймайтын қор құру үшін Бірыңғай дистрибьютор жалпы сомасы 8,22 млрд теңгеге КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізілген дәрілік заттардың 44 атауын сатып алуды жүргізеді. Бұл ретте азаймайтын Қордың көлемі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың медициналық ұйымдарға тиелуіне қарай толықтырылатын болады.

Медициналық құрал-жабдыққа қатысты: Өңірлік әкімдіктердің мәлімдеген қажеттілігіне сәйкес, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – ИИДМ) Министрлікпен бірлесіп, 1-2 ай ішінде отандық өндірушілерді жергіліктендіру есебінен инфекциялық және провизорлық стационарларды өкпені жасанды желдететін 1500 аппаратпен (бұдан әрі – ӨЖЖ аппараттары) қамтамасыз ету мәселесін пысықтауда.

Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ «BIYOVENT» ӨЖЖ аппараттарын жинауды «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС қазақ-түрік кәсіпорны базасында ұйымдастыруда (ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі №466 қаулысына сәйкес сатып алуға Үкіметтік резервінен қаражат бөлінді).

Халық арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың пессимистік болжамын ескере отырып, оттегі концентраттарын сатып алу, медициналық газдарды орталықтандырылған жеткізу жолымен жалпы саны 11 333 төсекті оттегімен қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі кезде инфекциялық және провизорлық стационарлардың 10 547 төсегі оттегімен қамтамасыз етілді (оның ішінде 3 903 төсек оттегі концентраторларымен, 6 644 төсек медициналық газдарды жеткізу жолымен), бұл жалпы қажеттіліктің 93%-ына тең.

Бұдан басқа жергілікті бюджеттер, қоғамдық және қайырымдылық қорларының қаражаттары шеңберінде Министрлік өңірлер әкімдіктерімен бірлесіп, ағымдағы жылғы тамыздың соңына дейін қосымша 13 203 төсекті оттегімен қамтамасыз ету бойынша жоспарды қалыптастырды.

Денсаулық сақтау объектілерін жергілікті бюджет қаражаты шеңберінде, сондай-ақ қоғамдық және қайырымдылық қорларының (оның ішінде «Шұғыла», «Әлия Назарбаева», «Айдың Нұры» және т.б.), «Қазақмыс» корпорациясының, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаражаттары есебінен оттегі концентраторларымен жарақтандыру және медициналық газдарды жеткізу  шаралары қабылдануда.

Белгіленген іс-шараларды іске асыру үшін Министрлік Қазақстан Республикасына гуманитарлық жүкті бір жолғы әкелу мерзімін қысқартты (1 күнге дейін), сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен қорларды оттегін жеткізу үшін авиакөлікпен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауда.

Жеткізілетін оттегі концентраторларын бөлуді жергілікті атқарушы органдар қоғамдық және қайырымдылық қорлармен бірлесіп жүзеге асырады.

Инфекциялық және провизорлық  стационарларды оттегімен қамтамасыз ету бойынша жедел шараларды ұйымдастыру  қолда бар  қажеттіліктен басқа  орташа есеппен 93% қамтамасыз етуге, сондай-ақ вирус таралуының нашар сценарийіне дайын болу үшін  резервті  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Індеттің таралуына жол бермеуге байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің қандай жоспары бар?

– Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 2020-2021 жылдар кезеңінде халықты COVID-19-ға қарсы ықтимал вакцинациялау мәселелерін шешу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Коронавирустық инфекцияға қарсы иммундауға жататын контингенттер анықталды, олар – жүрек-қантамыры жүйесі тарапынан созылмалы аурулармен, қант диабетімен және өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдар, оның ішінде 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлері.

Вице-министр Л.Бюрабекова «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімі шыққанын айтқанымен, бұл кеңестің немен айналысатынын тарқатып бермеді. Сірә, құзыретіне кірмейтін болса керек. Жұрттың көкейіндегі сұраққа жауап табу үшін ҚР Премьер-министрінің кеңсесіне ресми сауал жолдаймыз.

Тегтер: