Тауықтар көтерілісі. НЕГЕ жұмыртқа бағасы үкіметтің бар еңбегін зая кетірмек?
Бүгін еліміздегі кейбір сауда орындарында жұмыртқаның бағасы 600 теңгеге жетті. Бұл абсолютті рекорд және жұмыртқаны Қазақстандағы бағасы ең тез өсіп жатқан азық-түлік тауарына айналдырып отыр.
Тауықтар туудан шаршай бастады ма? Ұлттық Банктің жоспары бойынша биылғы инфляция деңгейі 4-6% коридорында қалуы тиіс. Бірақ азық-түлік бағасының желтоқсан мен қаңтарда одан бетер қымбаттауы осы айда инфляцияның төмендей қоймайтынын анық аңғартады.
Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша, 2020 жылы жұмыртқа бағасының қымбаттауы 20 процентті құрады. Сонда баға шамаман бір жылда 380 теңгеден 460 теңгеге өскен. Ал биылғы жылдың басынан бері бір айда жұмыртқа 460 теңгеден 600 теңгеге (30%!) бірақ қымбаттап отыр.
-
Тақырыпқа орай: Бір қадам алға, екі қадам артқа. 2020 жылы халық НЕГЕ ұтылды?
«2020 жылдың соңында жұмыртқа бағасының өсуі бірқатар себептерге байланысты болды. Біріншіден, жұмыртқа өндірісінің өзіндік құны 20 процентке өсті, себебі жем компоненттері - бидай, өсімдік майы, соя және күнбағыс ұнтағы 20-60%-ға қымбаттады», - дейді, Nege.kz шолушысына осы мәселе бойынша түсініктеме берген Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының төрағасы Максим Божко.
«Одан кейін, мемлекет былтыр құс фабрикаларына көрсетіліп келген қолдауды екі есеге қысқартқаннан кейін, фабрикалар күркі тауықтардың санын азайта бастады. Оған қоса, былтыр қыркүйек-қазан айларында құс тұмауы жүріп, жұмыртқа өндірісі 20 процентке төмендеді. Осылардың барлығы жиыла келе қазір жұмыртқа тапшылығын тудырып отыр»
Ал, Экономикалық бастамаларды қолдау қоры сарапшларының пікірінше, жұмыртқа бағасының күрт өсуі «домино эффектісіне» алып келуі мүмкін. «Өндірісіне жұмыртқа қажет түрлі заттар - кондитерлік және тәтті нан өнімдері қымбаттайтын болады. Таңғы ас беретін асханалар, отельдер де тағам бағасын өсіре бастайды».
«Жұмыртқа бағасының өсуіне өндірістік факторлар себеп болғаны түсінікті. Бұл жерде алыпсатарлардың арадағы маржасы қандай, соны білу өте маңызды. Егер делдалдарды фабрика мен тұтынушының арасынан алып тастасақ, бағаны сәл де болса төмендетуге болар еді»
Максим Божконың айтуынша, қазір жұмыртқаға деген сұраныстың маусымдық өсуі жүруде. «Мысалы, қыста жұмыртқа жазға қарағанда екі есе көп сатылады», - дейді, салалық қауымдастық төрағасы. Ол жұмыртқа бағасының маусым айларында, оған деген сұраныс төмендей бастағанда қайта түсетініне сенімді.
Бірақ бағалар өзінің бір жыл бұрынғы көрсеткішіне қайта оралмайды. Себебі жемнің енді арзандауы екіталай.