USD
USD
USD

Ерболат Досаев энергетика саласының қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыс етті

Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының мамандарын кәсіби мереке - Энергетика күнімен құттықтап, оларға құрмет марапаттарын тапсырды.

Алматы әкімдігі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Президентінің Жарлығымен энергетика саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін еңбек ардагері Нұрахан Сейітқұлов «Құрмет» орденімен марапатталды. Оның кәсіби жолы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ құрамына кіретін Жамбыл аудандық электр желілерімен байланысты. Нұрахан Сейітқұлов ауылдық округтің шеберінен ЖАЭС-тің бірінші басшысына дейінгі жолдан өтті.

Марапат
gov.kz

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Алматы Қала Жарық», «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго» және «Алматы электр станциялары» кәсіпорындарының қызметкерлері марапатталды.

Қала басшысы энергетика саласының барлық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың Алматы инфрақұрылымын дамытудағы және қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы басты рөлін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті