USD
USD
USD

Қазақстан Үкіметі мен Стати тараптары арасындағы дау шешімін тапты

Қазақстан Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Стати тараптары, Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен, Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Әділет министрлігі. 

Стати
Фото: Фото: Nege.kz

Алматы, NEGE. Қол қойылған Түпкілікті реттеу туралы келісім барлық дауды болашақта қайта бастау құқығынсыз тоқтату үшін негіз болып отыр. Келісімнің нақты шарттары құпия.

– Бұл реттеу және барлық тараптар үшін әділ шешу жолын іздеу мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған тәсіл, бұл ел инвестордың құқықтары сақталатын орын екенін атап көрсетеді. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы түсінігін өзгертудегі көшбасшылығы үшін алғыс айтамыз. Болашақта жаңа жобалармен жұмыс істеуді асыға күтеміз, - деді CEO Argentem Creek Partners басқарушысы Дэниел Чапман.

Әділет министрі Азамат Есқараев республикалық бюджеттің қаражаты пайдаланылмағанын алға тартты. 

– Ұзаққа созылған дау аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы дамыту үшін, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы, қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Бұл ретте, мен бұрын атап өткендей, республикалық бюджеттен реттеу шеңберінде қаражат пайдаланылмады, - деді Қазақстан Әділет министрі Азамат Есқараев.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев