26 Қазан 16:50

AQR-ға ілікпей тұр. ҚНРДА НЕГЕ «Фридом Финанс Қазақстан» банкіне қырын қарай бастады?

Фото:

Шын мәнінде миллиардер екеніне күмәніміз бар Тимур Турловтың жеке өзіне қарасты «FFIN Brokerage Services Ink.» брокерлік компаниясы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі жасақтаған лицензияланбаған инвестициялық делдал деп танылған фирмалар тізіміне енгізілгенін бірнеше ақпарат құралы жазған болатын.

Латын Америкасындағы оффшорлық аймақ – Белизге тіркелген «FFIN Brokerage Services Ink.» 2020 жылдың қортындысы бойынша 16 миллион АҚШ доллары көлемінде шығынға батқан. Ол компанияның аудиттелген есебінде де көрсетіледі.

«FFIN Brokerage Services Ink.» 2020 жылға арналған аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: Growth Partners

ҚНРДА болса, «FFIN Brokerage Services Ink.» арқылы қаржылық операциялар жасаған кезде ел азаматтарының өз ақшасынан айрылып қалу тәуекелі жоғары болуы мүмкін деп санайды. Және қадағалаушы кезінде «Kassa Nova» болған, артынан Тимур Турлов сатып алып, атын «Фридом Финанс Қазақстан» деп ауыстырған банктен де көз жазбай қадағалап отыр.

ҚНРДА-ның қаржы пирамидасының белгілері бар, лицензияланбаған инвестициялық делдал деп танылған күдікті фирмалар тізімі. 2021 жылдың қазан айында тізімге 121 компания енді. Дереккөз: gov.kz

Тақырыпқа орай: Тым жұмбақ мекеме. НЕГЕ «Freedom Finance» схемалары күдік туғызады?

Осы жылдың ақпан айында «Фридом Финанс Қазақстан» банкінің активтері 192,9 миллиард теңге болса, мамыр айында ол 238 миллиард теңгеге бірден өскен. Сонда бар-жоғы 3 айдың ішінде бухгалтерлік баланс бойынша активтер 45 миллиард теңгеге артып отыр.

«Фридом Финанс Қазақстан банкі» АҚ 2021 жылғы 31 мамыр күнгі баланс және баланстан тыс шоттардағы қалдық қаржы бойынша есебі. Дереккөз: bankffin.kz

Әзірге ҚНРДА мұндай процесстерді үнсіз қадағалап отыр. Оған қоса, «Фридом Финанс Қазақстан» банкін AQR тексеруінен өткізейін десе, оның салмағы тартпайды. Біздің қаржы нарығында оның үлесі әлі тым кішкентай деп есептеледі.

Мемлекет Тимур Турловтың кез-келген қаржылық қадамын көз жазбай қадағалап, оның өте күрделі схемаларын алдын-ала анықтап, біліп отыруы тиіс. Әсіресе, Қазақстаннан Белизге ағылып жатқан қаржының көлемін бақылауда қырағылық қажет.

Ол қаржы – түрлі акциялармен сауда-саттық жасауға ниеттенген, брокер ретінде «FFIN Brokerage Services Ink.» компаниясын таңдаған отандық азаматтардың жиған-терген ақшасы. Ертең осы капитал қайтпай қалып жүрсе, мемлекеттің имиджіне тағы бір соққы болары даусыз.     

Тегтер: