USD
USD
USD

«Bereke Bank» мәмілесінен береке қашты. Акционер НЕГЕ реестрде өзгермей тұр?

1 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы акционерлер реестрінде «Bereke Bank» акционері ретінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі көрсетілген. Бірақ 31 наурызда Катарлық «Lesha Bank» бұрынғы «Сбербанк», қазіргі «Берекенің» барлық акционерлік капиталын 65 миллиард теңгеге сатып алғанын мәлімдеген болатын.

Байтерек
Фото: Фото: Nege.kz

Мәміле тек реттеушінің мақұлдауынан кейін жабылатыны түсінікті. Тек 31 наурыздан бері және мәміле ресми жабылғанға дейінгі уақыттағы «Bereke Bank» таза пайдасы кімге тиісті – «Бәйтерекке» ме, әлде қатарлықтарға ма?

Байтерек
Фото: Қазақстан қор биржасы

Ресейлік «Сбербанк» санкцияға ұшырағаннан кейін, өзінің Қазақстандағы еншілес банкінен 130 миллиард теңге дивиденд шығарып алады да, банкті Қазақстан Үкіметіне («Бәйтерек» холдингіне) тегін бере салады. «Бәйтерек» ол кезде активтердің қайта есептелуінен 30 миллиард теңге пайда көреді. Содан кейін Қатардан келген инвесторға 65 миллиард теңгеге сатады да, жалпы нәтижесінде 95 миллиард теңге табыс алады. Бұл енді ресми фабула.

Бірақ осы әдемі ертегінің бір «НО» дейтін жері бар. «Берекеге» «Сбербанк» берген 146 миллиард рубль тұрақтандырушы заем баланстан қалай жоғалып кетті? «Бәйтеректің» қатысы болмаса, мұндай өзара есеп айырысу кімнің есебінен жүрді? Бір сөзбен айтқанда, бұл операцияға қараңғы бұрыштан тығылып тұрып қай олигарх қатысты және оған капиталды кім берді?

Байтерек
Фото: Nege.kz

 

Қазір Bereke Bank портфелінде «Бәйтерек» холдингінен бастап, көптеген квазимемлекеттік ұйымдардың қаржысы депозит ретінде жатыр. Сонымен бірге, банктің биржада сатылған 400 миллиард теңгеден астам облигацияларын да ұлттық холдинг құрылымдары ұстап отыр.

Банк Қатар тарапына берілгеннен кейін «Бәйтерек» осы «тәтті күлшені» (банк портфеліндегі өтімділік) инвестор үшін сақтап қала ма? Әлде инвесторға қосымша капитал құюға тура келе ме? Егер инвестор ештеңе істемей, банкті тек осы қалпында ұстап тұру үшін уақыт созатын болса, онда үшжақты құпия келісімдердің көздеген мақсаты да оңай анықталмақ.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park