USD
USD
USD

Көшпенділер ойындарынан 400-ге жуық шетелдік БАҚ хабар таратады

Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан шамамен 400 шетелдік БАҚ хабар таратады, деп хабарлайды Baq.kz.

Шетел ақпарат құралдары
Фото: inbusiness.kz

Алматы, NEGE. БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 70 елдің 1285 медиа өкілінен өтініш түскен. Оның ішінде 933 қазақстандық, 352 шетелдік журналистер. Олардың арасында CNN, BBC, Euronews және т.б. әлемдік жетекші ақпарат құ­ралдарының өкіл­д­ері де бар.

«V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде «Қазмедиа» орталығында баспасөз орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықта ашылу салтанатынан тікелей эфир көрсетіледі. Әлемдік стандарттарға сай көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына БАҚ өкілдері қатыспайды. Ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні 19:00-де басталады», - делінген хабарламада.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. Оның ішінде, жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын адамдар кіреді.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов