16 Наурыз 19:22

Тоқаев Ердоғанға алдағы сайлауда сәттілік тіледі

Фото:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзін қорытындылай келіп, Түркия Президентіне алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

Алматы, NEGE. «Қиын сәтте халықаралық қауымдастықтың түрік халқына қолдау көрсетуі Реджеп бейдің жоғары беделі мен еліне жасап жатқан риясыз қызметінің нәтижесі деп санаймын.

Биыл Түркия Республикасына 100 жыл толады. Бұл – үлкен тарихи меже. Түркия қысқа мерзімнің ішінде қуатты, ықпалды мемлекетке айналды. Оның халықаралық ықпалы және беделі, расында өте күшті. Осы жерде Реджеп Тайип Ердоғанның еңбегі және үлесі айқын. Оны бүкіл әлем мойындап жатыр.

Осы ретте, қадірменді Реджеп Тайип Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тілеймін. Түрік жұрты Сізге барынша қолдау көрсетеді деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: