«Біз президентке хат жолдаймыз» – Шерзат ісі бойынша сотталушылардың ата-аналары үкіммен келіспеді (видео)

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полатты өлтіру, Нұрқанат Ғайыпбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және жасалған қылмыс туралы хабарламау айыптары бойынша 9 адамға қатысты үкім шығарды.
Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істе кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылған сотталушылардың ата-аналары журналистерге берген сұхбаттарында сот үкімімен келіспейтіндерін мәлімдеді.
Айыпталушы Дидар Қалиахметтің анасы үкімнен кейін өзін жайсыз сезініп, оған медициналық көмек көрсетілді. Ал әкесі Еркін Есімбеков бұл іске баласының түк қатысы болмағанын мәлімдеді.
«Менің балам моншадан шығып, сол жерге су, сыра алу үшін ғана барған. Ал ана жақ дайындалып отырған, інісін, баласы Шерзат марқұмның достарын шақырған. Солардың бәрі менің балам сияқты жазаға тартылуы керек еді. Мына жерде сотталушыларға ғана сұрақ қойылған да, жәбірленуші тарапқа сұрақ қойылмаған. Біз осы уақытқа дейін еш жерге сұхбат берген жоқпыз. Сот әділ шешетін шығар деп ойлағанбыз. Менің баламның кінәсі жоқ. Қаржаубайдың ең дұрыс әрекеті – есікті жауып, құзырлы органдарды күтіп отыруы керек еді. Төбелесті өздері ұйымдастырған. Қай жерге болсын, соңына дейін барамыз. Қазір менің жұбайымның жағдайы нашарлап кетті. Ары қарай не болатынын көреміз», – деді Қалиахмет Дидардың әкесі.
@nege.media Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандардың ата-аналары айыптаумен келіспейді Үкім жарияланғаннан кейін журналистерге қысқаша пікір білдірген Нұрқияс Ілиясовтың, Азамат пен Нұрбол Тоқтаубаевтардың, Дидар Қалиахметтің және кәмелетке толмаған Думан Ысқақтың әкелері соттың балаларына тағайындаған жазасымен келіспейтіндерін айтты. Қалиахметтің анасының жағдайы нашарлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келді. #шерзат ♬ Epic News - DM Production
Қалиахмет Дидар ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.
Сотталушы Нұрқияс Ілиясовтың әкесі Қаржаубай Нұрымовты да жауапқа тарту керек еді дейді.
«Сол жерде шешесі де, әкесі де жүр. Олар не істеп жүр? Неге жауапқа тартылмайды. Мына жерде 11-сыныптың баласын жауапқа тартып жатыр. Әке-шешесі үлкен кісілер. Сол жерде Шерзаттың достары жүрді, оларды неге жауапқа тартпайды?», – деді Нұрқияс Ілиясовтың әкесі.
@nege.media Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандардың ата-аналары сот шешімімен келіспейді Үкім жарияланғаннан кейін журналистерге қысқаша пікір білдірген Нұрқияс Ілиясовтың, Азамат пен Нұрбол Тоқтаубаевтардың, Дидар Қалиахметтің және кәмелетке толмаған Думан Ысқақтың әкелері соттың балаларына тағайындаған жазасымен келіспейтіндерін айтты. Қалиахметтің анасының жағдайы нашарлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келді.
♬ оригинальный звук - nege.media
Ілиясов Нұрқияс ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша бұрынғы соттылығы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал сотталушылар Азамат Тоқтаубаев пен Нұрбол Тоқтаубаевтың әкесі Жансейіт Маратбек президентке хат жолдап, Қаржаубай Нұрымовтың үстінен арыз жазатынын мәлімдеді.
«Қазақстанда сөз бостандығы бар. Менің жеке ойым, бұл жерде Қаржаубай бастаған, төбелесті Қаржаубай ұйымдастырған. Айналып келгенде, отқа май құйған – Қаржаубай. Қазір тып-тыныш, неге сотқа қатыспады? Егер мықты болсаң, Қаржаубай, неге сотқа келмедің? Тығылып, онлайн отырсың... Таза болмағаннан кейін сотқа қатыспады. Бала өліп отырғаннан кейін кінәліміз, бірақ бұл сот шешімі дұрыс емес. Екі балам қазір қамалып кетіп бара жатыр. Біз президентке хат жолдаймыз, Қаржаубай Нұрымовтың үстінен арыз жазамыз», – деді Жансейіт Маратбек Тоқтаубайұлы.
Тоқтаубаев Азамат ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша бұрын жасаған ауыр қылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп, 15 жылға сотталды. Тоқтаубаев Нұрбол ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шерзат Полаттың отбасы сотталушы Думан Ысқаққа кешірім берген болатын. Әкесі Отабаев Қайдар Ысқақұлының айтуынша, олар бүгін баласының ақталып шығатынына сенімді болған.
«Үкіммен келіспеймін. Жазықсыз баланы шығару керек еді. Солай ойладық, бірақ қатаң жазамен қалдырып қойды. Шағым түсіреміз», – деді Думан Ысқақтың әкесі.
@nege.media Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.
♬ оригинальный звук - ba7ile
Кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқаққа ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.