USD
USD
USD

Астаналықтар аспаннан жарық құбылысты байқады – Министрлік мәлімдеме жасады

5-нен 6 маусымға қараған түні Орталық және Солтүстік Қазақстан халқы, оның ішінде Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларының тұрғындары аспанда жарық құбылысты байқады.

Астана
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі таратқан алдын ала мәліметтер бойынша, бұл орбитада бұрын болған ғарыш нысандарының бірінің атмосфераға енуімен байланысты.

Ғарыштық қалдықтардың қозғалысын бақылайтын халықаралық ұйымдардың деректеріне сәйкес, дәл осы уақыт аралығында үш оқиға тіркелген, олардың әрқайсысы байқалған құбылысты тудыруы мүмкін:

1. Қытайдың ZQ-2E зымыранының үдеткіш блогы

• Атмосфераға ену уақыты: 5 маусым, Астана уақытымен шамамен 22:40

• Нысан: LandSpace компаниясы 17 мамырда ұшырған Zhuque-2 Enhanced зымыранының сатысы

• Ерекшелігі: Экологиялық таза отын (сұйық метан мен оттегі) пайдаланылады, жану кезінде айқын жарық шығарады

Бұл нысан уақыт жағынан және көрініс сипаттамасы бойынша Қазақстан тұрғындарының байқаған құбылысына ең дәл сәйкес келеді.

2. STARLINK-1631 (SpaceX) спутнигі

• Атмосфераға ену уақыты: 6 маусым, Алматы уақытымен 03:41

• Ескі спутниктердің бірінің жоспарлы орбитадан шығуы

3. Жапондық H-2A R/B зымыранының үдеткіш блогы

• Атмосфераға ену уақыты: 6 маусым, Алматы уақытымен 00:36

• Нысан пассивті орбитадан шығу режимінде болған

«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағына қандай да бір фрагменттердің құлағаны немесе залал келтіргені туралы расталған ақпарат жоқ. Мұндай нысандар, әдетте, атмосферада толық жанып кетеді (ірі бөліктердің Қазақстан аумағына құлауы екіталай). Азаматтардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк