5 Маусым 16:34
...

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі шықты: Сотталушыларға қандай жаза тағайындалды?

Шерзат Полат
Фото: Жоғарғы сот

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (Талдықорған) Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталушыларға сот үкімі шықты. 

Сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық баптары бойынша кінәлі деп танып, оларға келесі жазаларды тағайындады:

Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру.

Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бірауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардыңжиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру.

Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауырқылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасыескеріліп – 15 жыл бас бостандығын анайыру.

Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғысоттылығы және ол бойынша өтелмегенжазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.

Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.

Кәмелет жасқа толмаған Ысқақ Думанға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 млн. теңге, Сакиевтен – 30 млн. теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн. теңге өндірілді. Кәмелет жасқа толмаған Ысқаққа жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

Бұдан басқа, сот прокурордың атынажекеше қаулы шығарды, яғни куәлар Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенова, Ю. Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назар аудартылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік айыптаушы Шерзат Болатты өлтірді деген айып бойынша сотталушыларға мынадай жаза мерзімдерін сұраған еді:

– Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуді белгілеуді;

– Равиль Сакиев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 99-баптың 2-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;

– Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 9 жыл;

– Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;

– Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл;

– Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы:

– Жәбірленушілердің моральдық және материалдық шығынды өндіру жөніндегі талап-арыздарын толық көлемде қанағаттандыруды;

ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабына сәйкес, іс бойынша сұралған куәлар Нұрбекованың, Жақсыгелдінің әрекеттерін тексеру және оларға құқықтық баға беру үшін жеке Қаулы шығаруды, оны Алматы облысы полиция департаментіне жолдауды;

Сотта сұралған куә ретінде Қазкенов, Рузбакиевке қатысты да процессуалдық шара қабылдау үшін жеке Қаулы шығарып, Алматы облысының полиция департаментіне жолдауды сұрады.