USD
USD
USD

Qarmet автобустың шанақ бөліктеріне болат жеткізуді қолға алды

Qarmet металлургиялық зауыты QazTehna зауытында шанақ бөлшектерін штамптау өндірісі үшін 08KП мырышталған болат жеткізе бастады. 

Qarmet
Фото: Qarmet

   Саран қаласында орналасқан ірі кәсіпорын еліміздегі автобустар мен коммерциялық көліктерді шығарумен айналысып келеді.

Кәсіпорын отандық машина жасау тарихында алғаш рет халықаралық сапа стандарттары бойынша сертификатталған қазақстандық металды пайдалана отырып, автобустың шанақ бөлшектерін шығара бастады. 

Qarmet
Qarmet

Qarmet болатының жеткізілімі – QazTehna компаниясының Қазақстанда ауданы 10 000 шаршы метрден асатын бірінші мамандандырылған штамптау қондырғысын құру жөніндегі ауқымды жобасының негізгі элементі саналады. Нысан шанақтың күрделі бөлшектерін жасауға арналған бірегей гидравликалық преспен жабдықталады.

Бұл жоба толық өндірістік циклды құруға бағытталған ірі инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Оған тартылған жалпы инвестиция көлемі 20 млрд теңгеден асады. Ал қаржыландыру Индустриялық даму қорының қолдауымен QazTehna-ның жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2025 жылдың тамызында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде Yutong қалалық, туристік және мектеп автобустарына, кейінірек HOWO коммерциялық көліктеріне арналған шанақ бөлшектерін шығару жоспарлануда.

Qarmet
Qarmet

«Машина жасау сегментіне кіру – Qarmet үшін стратегиялық маңызды қадам. Біз ірі инвестициялық жобаларды қаперге алған Қазақстанның металлургиясының отандық өндірісті қолдайтынын және ел ішінде қосылған құнды құру бойынша барлық міндеттерді орындауға қабілетті екенін растаймыз», – деп түсіндірді Qarmet баспасөз қызметі.

Qarmet пен QazTehna арасындағы өндірістік кооперацияның нәтижесінде отандық өнеркәсіптің ұзақ мерзімді өсуіне, Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға тиімді жағдай жасалды.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.