5 Маусым 18:31
...

«Damumed» жүйесіне жалған мәлімет енгізген: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамалды

Түрме
Фото: Полиция

Денсаулық сақтау жүйесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ең осал болып қала береді және қоғамның ерекше назарында. Соңғы үш жылда бұл салада 134 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, олар бойынша 57 адам сотталды.

Алматы, NEGE: Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері азаматтардың сеніміне нұқсан келтіріп қана қоймай, медициналық қызметтердің тиімділігінің төмендеуіне және мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына әкеледі.

2025 жылдың маусым айында Орталық органның және оның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы ашылды.

Осылайша, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасарының әрекеті әшкереленді.

Ол денсаулық сақтау субъектісіне халыққа медициналық қызмет көрсету үшін бөлінген 400 млн теңгеденастам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деген күдікке ілінді.

Жымқыру медициналық ұйымның «Damumed» ақпараттық жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен қаласының тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен жасалды.

Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеді, отыз мыңнан астам «тіркеулер» анықталды.

Сонымен қатар, ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, Қордың жымқырған қаражатын, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастырды деп күдіктенеді.

Күдікті соттың санкциясымен ол қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда, шенеунік пен басқа адамдардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатысуы тексеріледі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Тегтер: