Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанадағы LRT рельстерінің жартысы салынып бітті

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50 пайызы, яғни 11 шақырымына рельс төселіп болды, деп хабарлады жобаны іске асырып жатқан City Transportation Systems (CTS) компаниясы.

қоғамдық көлік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құрылыс «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы, Халықаралық әуежай, Министрліктер үйі мен Республикалық бас мешіт секілді маңызды нысандардың маңында жалғасып жатыр. Компания өкілдері барлық жұмыстардың белгіленген кестеге сәйкес, штаттық режимде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары барлық учаскелерде бекітілген графикке сай орындалуда. Сондай-ақ станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау қатар жүргізіліп жатыр, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Астанада жеңіл рельсті көліктің сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нығаспаев LRT жобасы басталған кезеңде Астана әкімдігінде атқарған қызметіне қатысты сұраққа жауап берген болатын.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық