30 Сәуір 15:31

Пара алудың ең қауіпсіз тәсілі пайда болды

Фото:

Бұдан былай жемқорлар үшін «ұсталып қаламын-ау» деп қорықпай-ақ пара ала берудің тиімді тәсілі табылды. Бұл туралы «ХАҚ» қозғалысының көшбасшысы Тоғжан Қожалиева мәлімдеп отыр.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Жақында мынадай жаңалық естідім. Ресей депутаттары мен үкімет мүшелері параны биткоин түрінде ала бастапты. Осылайша, үлкен табыстың қайдан келгенін түсіндіру оңай болатын көрінеді. «Мұнша ақшаны қайдан алдың?» деп сұраса, іркілмей: «Биткоин саттым», – деп жауап беруге болады. Біздің коррупционерлердің құлағына алтын сырға!» – дейді саясаткер ханым әзіл-шынын араластырып.

Бірақ бұл жаңалық көпшіліктің көңілінен шықпай отыр. «Неге айттың мұны? Біздің шенеуніктер мұны естісе, тез меңгеріп алады», – деп қарсы шыққандар бар. Ал екіншілері қуана құптаған. Олардың пікірінше, биткоин төңірегіне қақпан құрса жеткілікті, жемқорлар өздері келіп қолға түсе бермек.

Тегтер: