USD
USD
USD

Ақтауда ер адам хиджаб киген қызды зорламақ болған

Ақтауда қыз баланы зорламақ болған тұрғын ұсталды. 

Ақтау
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Күдіктіні өтіп бара жатқан тұрғындар ұстап, полицияға тапсырған. 

Оқиға кешкі уақытта, теңіз жағалауында болған. Қыздың көмек сұрап айқайлаған дауысын естіген тұрғындар дереу көмекке барып, бойжеткенді құтқарған. Ер адам оны зорламақ болған. Тұрғындар күдіктіні полицияның қолына тапсырды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Полиция мәліметінше, ер адам серуендеп жүрген қыз балаға тиісіп, зорлық әрекеттерді жасауға тырысқан.

«Бейнежазбадағы зорлауға оқталу әрекеті 11 наурыз күні болған. Дереу қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, тергеу изоляторына қамады. Іс жүргізу аяқталып, айыптау қорытындысымен прокуратура арқылы сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Корея: саяси диалогтан технологиялық әріптестікке

Жансая Нұралиева

Қазақстанда стейблкоиндерді халықаралық саудада пайдалану мүмкіндігі қарастырылмақ

Стейблкоин

СІМ АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растады

СІМ

QR төлемдерін ҚҚС-дан босату кәсіпкерлер комиссиясына бірден әсер етпеуі мүмкін

Kaspi