USD
USD
USD

Атымтайлар жоқ. «Қазақстан халқына» қорының жағдайы НЕГЕ нашарлап барады?

Биылғы жылдың 9 айында «Қазақстан халқына» қорына небәрі 8 миллиард теңге қайырымдылық жарнасы түскен. 2023 жылы олигархтар қорға 110 миллиард теңге аударғанын ескерсек, қор биыл 13 есе аз қаржыны місе тұтуға мәжбүр.

Қор
Фото: Фото: Nege.kz

Бір қызығы, биыл қор банк депозитінің есебінен өмір сүруге көшкенін аңғаруға болады. 9 айда қайырымдылықтан 8 миллиард теңге түскенін жоғарыда жаздық. Дәл осы кезде банк депозиттерінің сыйақысы ретінде 12,5 миллиард теңге келген.

Қор
Фото: "Қазақстан халқына" қоры есебінен

«Қазақстан халқына» қоры биыл жалпы алғанда 20,9 миллиард теңге түсім алды. Ал шығыстары 44,1 миллиард теңгеге жеткен. Сонда 2024 жылғы минусы 23,2 миллиард теңгеге жеткен. Енді бар үміт 4-тоқсанда.

Былтыр да осыған ұқсас картинаны көргенбіз. Қордың былтырғы ең негізгі түсімі 83,7 миллиард теңге жыл соңында – желтоқсан айында түскен. «Биылғы желтоқсанда да бір олигархтың ұяты оянып, қорға 50-60 миллиард теңге аударып жіберу мүмкіндігі қарастырылуда» дейді NEGE-нің дереккөзі.

Қор
Фото: Nege.kz

Егер ондай ірі транш келсе, қордың бір жеңілдеп қалары сөзсіз. Ал ешкім жомарттық танытпай қойса, «Қазақстан халқына» қорының жағдайы нашарлайды және болашағына деген күмән қоюлана түседі.

Бюджет дефициті мен Ұлттық қор проблемаларының фонында қайырымдылық үшін тек қана «Самұрық-Қазына» қорының траншына иек арту орға жығатынын сеземіз. Себебі, бұл халықтың өз тарысын өзіне қуырып беру әрекетіне ұқсайды. «Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттік болғандықтан, бәрібір оның қайырымдылыққа беріп отырған қаржысы да мемлекеттік.

Оны бюджетке бердің не, қайырымдылыққа жұмсадың не, бір қазанның ішіндегі сапырулар деп есептеледі. Олигархтар сараңданып қалды ма? Жаңа Атымтай жомарттар НЕГЕ жоқ?

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды