USD
USD
USD

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан басшысы тарту еткен мешітке барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті аралап көріп, аруақтардың рухына Құран бағыштады.

Мирзиёев, Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мешіт Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Мешіт
Ақорда

Құлшылық үйі дәстүрлі ислам элементтері мен заманауи құрылыс технологияларын үйлестіре отырып салынған. Мешіттің қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

Мешіт
Ақорда

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ ауласы жарықтандыру жүйелерімен, демалыс аймақтарымен. субұрқақтармен абаттандырылған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды. Саммитте ұйымға мүше елдердің басшылары «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбын талқылайды.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі