USD
USD
USD

Науқастарға шуға шыдауға тура келеді: Астанада аурухана жанындағы құрылыс жалғасады

Астанада №2 қалалық көпсалалы аурухананың жанындағы құрылыс жұмыстары тоқтатылмайды. Қала әкімдігі тұрғын үй кешенін салуға берілген рұқсат құжаттарының заңды екенін мәлімдеді.

Құрылыс
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, аурухана маңындағы жер телімі жекеменшікке тиесілі. Құрылыс компаниясында жобалық-сметалық құжаттама мен барлық қажетті рұқсат қағаздары бар.

Журналистер құрылыс жедел жәрдем көліктерінің кіріп-шығуына кедергі келтірмей ме деп сұраған еді. Өтебаевтың сөзінше, жоба әзірленген кезде жолдарға қатысты мәселелер ескерілген.

«Ол жерде қиылыс бар. Сондықтан қозғалыс толық жабылады деп ойламаймын», – деді Ерсін Өтебаев.

Әкімдік өкілі құрылыс кезінде аурухана пациенттері шу еститінін де жасырмады. Оның айтуынша, бұл – уақытша ғана қолайсыздық. Әсіресе бастапқы кезеңде, іргетас қазығын қағу жұмыстары жүріп жатқанда шу болуы мүмкін. Кейін бұл жұмыстар аяқталған соң жағдай тұрақталады деп сендірді.

Сондай-ақ ол құрылыс жұмыстары тек күндіз жүргізілетінін айтты.

Ерсін Өтебаевтың мәліметінше, қазіргі таңда әкімдіктің тұрғын үй кешенінің құрылысына берілген рұқсаттарды кері қайтару жоспары жоқ. Себебі барлық құжат заң талаптарына сай рәсімделген.

Бұған дейін Астанадағы бірнеше тұрғын үй кешенінің тұрғындары №2 қалалық көпсалалы аурухананың маңында «BAYYAN» тұрғын үй кешенінің салынуына қарсы шығып, құрылысты тоқтатуды талап еткен петиция жариялаған. 

Өтініш авторларының айтуынша, басты мәселе – болашақ тұрғын үй кешенінің ауруханаға тым жақын жерде салынуы. Олардың айтуынша, бұл жолмен жедел жәрдем көліктері тұрақты қатынайды. Ал жаңа тұрғын үй салынғаннан кейін көбейетін көлік ағыны кептеліс туғызып, дәрігерлердің науқастарды дер кезінде жеткізуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.