USD
USD
USD

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

1 маусым күні Алматы жастарына арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Отбасы банктің баспасөз қызметі.

Алматы жастары
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Банк мәліметінше, өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады.

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарттары:
• несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
• пайыздық мөлшерлеме – 5%;
• бастапқы жарна – 10%;
• тұрғын үйді бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да алуға болады.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі қала тұрғындары қатыса алады. Өтініш білдірушінің Алматы қаласында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеуде болуы қажет. Сондай-ақ соңғы 5 жылда қатысушының және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы тиіс және Алматы қаласында кемінде 6 ай ресми еңбек өтілі мен міндетті зейнетақы жарналарының болуы шарт.

Өтінім беру тәртібі:
kezekte.kz → «Тұрғын үй сервистері» → Almaty Jastary. Порталға кіру үшін ЭЦҚ қажет.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция