USD
USD
USD

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті арзан бағаға сатуға тыйым салынды

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті аукциондарда төмендетілген және тым арзан бағамен сату тәжірибесі ресми түрде жойылды.

Мемлекеттік мүлікті сату
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұрын заңда бағаны төмендететін аукциондарды өткізу кезінде ең төмен бағаға шектеу қойылмаған. Бұл мүлікті тым арзан бағаға сату қаупін туғызған.

«Жоғары аудиторлық палата жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін тексеріп, тексеру қорытындысы бойынша Үкіметке заңнаманы өзгерту бойынша ұсынымдар берді. Нәтижесінде бұл норма заңнамамен бекітілді», – делінген хабарламада.

Енді сауда-саттық кезінде ең төменгі бағаны белгілеу арқылы мемлекет активтерін төмен бағамен сатуға жол берілмейді.

Сондай-ақ мемлекеттік мүлікті стратегиялық инвесторға тікелей сату тетігі жойылды. Мұндай тәртіп активтерді конкурс өткізбей сатуға жол ашып келген еді. Аудиторлардың ұсынысы бойынша бұл норма заңнамадан толығымен алып тасталды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті