USD
USD
USD

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Бұл жөнінде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі хабарлады.

Гуманитарлық көмек
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Үкіметтің қаулысына сәйкес, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Иранға гуманитарлық көмек жөнелтті. 

Иран Ислам Республикасына жалпы саны 30 вагон болатын азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберілді. Гуманитарлық жүк Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына беріледі.

Агенттік өкілдері Қазақстан халқынан достас Иран халқына жолданған бұл гуманитарлық көмек  жақын көршілік қарым-қатынасты нығайту және өзара қолдауды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy