4 Желтоқсан 23:54
...

Жас буындарды ғылымға баулу және бәсекеге қабілетті орта құру – заман талабы

Ғылым
Фото: ғаламтордан

Ғылым – адамзаттың өркендеуінің негізі, қоғамды ілгерілетіп, болашаққа жол ашатын маңызды құрал. Қазіргі таңда ғылым мен технологияның қарқынды дамуы әрбір елдің экономикасы мен мәдениетіне жаңа серпін беріп, оның әлемдік деңгейдегі орны мен беделін айқындайды. Әсіресе, бұл үрдіс жастар арасында қолдау тауып, олардың талантын аша түсуде.

Түркістан облысы да бұл салада ерекшеленіп, ғылымды дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге жетіп жатыр. Осындай жетістіктердің негізінде Түркістан облысы соңғы жылдары ғылыми және технологиялық даму бағытында айтарлықтай ілгерілеуде.

Сондай-ақ, өңірдегі білім беру мекемелері STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) бағытындағы білімді енгізуге күш салуда. Бұл бағдарламалар жастардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және әлемдік деңгейдегі жаңашыл жобаларды жасауға мүмкіндік береді. Түркістан облысындағы ғылыми орталықтарда робототехника мен бағдарламалау курстары жүргізіліп, оқушылар жаңа технологиялармен жұмыс істеуді үйренуде. Түркістан облысында ғылымның дамуы өңірдің экономикалық өсуіне тікелей әсер ететіне рас. Аймақтағы негізгі салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Ғылыми зерттеулер мен технологиялық жаңалықтар ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға көмектесуде.

Үкімет тарапынан жастар арасында ғылымды дамытуға жағына қазіргі таңда ерекше көңіл бөлуде. Түркістан облысында бұл қолдау айқын көрініс табуда. Мысалы, «Жас ғалым» бағдарламасы аясында жастарға ғылыми жобаларын дамытуға гранттар мен стипендиялар беріледі. Мұндай бастамалар аймақтық деңгейдегі дарынды жастарды анықтап, олардың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ғылымды дамытуда мемлекет пен жоғары оқу орындарының өзара байланысы шешуші рөл атқарады. Мемлекет жоғары оқу орындарына қаржылай қолдау көрсетіп, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру үшін гранттар бөледі. Университеттерде білім алушылар тек білім алып қана қоймай, ғылыми жобаларға қатысу арқылы өздерінің зерттеушілік қабілеттерін дамытады.

Жоғары оқу орындары ғылымның дамуына қажетті ресурстар мен жағдайларды қамтамасыз ететін орталық ретінде бұл бағытта қарқынды үлес қосатын ұйымдардың бірі болып табылады. Университеттерде зерттеу орталықтары, заманауи зертханалар мен техникалық жабдықтар бар. Бұл ресурстар студенттер мен оқытушыларға жаңа білім мен жаңалық ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жас ғалымдарды қолдауға ерекше назар аударылады. Тіпті дерлік ғылыми дамыту мақсатында, Түркістанда «Digital Turkestan» бағдарламасы іске асырылып, өңірде цифрлық технологиялар мен инновацияларды дамытуға жағдай жасалуда. Бұл бастамалар жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың халықаралық аренада танылуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, туризм саласында да ғылыми жобалардың ықпалы зор. Аймақтағы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы, жас ғалым Жансерік Камал өңірдегі салалардың инновациялық дамуына қарқынды түрде үлес қосуда. Түркістандық жас ғалым Жансерік Камал “Сарыағаш туризм” қосымшасын жарыққа шығарды. Бұл бағдарлама туристерге аймақтағы көрікті жерлер туралы толық ақпарат ұсына отырып, туризмді дамытуға, әрі туризмді насихаттауға көмектеседі. Түркістан да елдегі ең рухани, тарихи өңір болғандықтан, жер-жерден аймаққа келетін тұрғындар мен туристтер саны өте көп. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қосымша арқылы туристер санын арттыру өңір экономикасына оң әсерін тигізген. Аймақта инновациялық орталықтар мен зертханалар ашылып, оқушылар мен жас ғалымдарға арналған арнайы бағдарламалар іске асырылуда. Бұл жастардың ғылыми әлеуетін арттыруға, олардың білім мен ғылымдағы көкжиектерін ашуға көмектеседі. Жансерік Камал тек туристік қосымша ғана емес, робототехникалық дағдыларын ұтымды пайдаланып, JARIQ мобильді қосымшасы мен Qolqanat роботын жасап шығарды. Жансерік Камал – жай ғана дарынды оқушы емес, ол өзінің жетістіктерімен қатарластарына үлгі бола білген тұлға. 15 жасында ол жасанды интеллектке негізделген JARIQ атты мобильді қосымша мен Qolqanat атты полиглот-робот жасап шығарды. JARIQ қосымшасы мектеп оқушылары үшін таптырмас көмекші болып табылады. Ол күрделі сұрақтарға жауап беріп, дыбыстық хабарламаларды мәтінге айналдырады. Бұл қосымша уақытты үнемдеуге және ақпаратқа оңай қол жеткізуге бағытталған. Жансеріктің негізгі мақсаты – адамдардың күнделікті өмірін жақсартуға арналған практикалық шешімдер ұсыну. Бұл өнертабыстар оның мүмкіндіктерін ғана көрсетіп қоймай, Түркістан облысы жастарының ғылым мен технологияға қосқан үлесін айқындайды. Жансерік сияқты жастардың жетістіктері ғылымның тек теориялық сала емес, нақты өмірде пайдалы екенін көрсетеді. Жансерік Камалдың жетістіктері – оның қызығушылығы мен еңбексүйгіштігінің, сондай-ақ №4 Сарыағаш мамандандырылған мектеп-интернаты мұғалімдерінің қолдауының нәтижесі. Ұстаздар оның қабілетін ашуға, түрлі жарыстарға қатысуға жағдай жасап, жобаларын дамытуға бағыт-бағдар береді. Түркістан өңірінің жас ғалымдары – Қазақстанның болашағына деген сенім мен мақтаныш көзі. Жастардың инновациялық идеялары тек өңір деңгейінде емес, халықаралық деңгейде де сұранысқа ие болуы мүмкін.

Сонымен қатар, жастар арасында ғылымға деген қызығушылықты арттыру мақсатында түрлі республикалық және халықаралық жарыстар ұйымдастырылуда. Түркістан облысынан шыққан жас таланттардың бұл жарыстарда жеңіске жетуі – өңірдің ғылыми әлеуетін арттырудың бірден-бір дәлелі. Түркістан облысында ғылымды дамыту арқылы өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту – маңызды міндеттердің бірі. Аймақта жас ғалымдардың жаңа жобаларын жүзеге асыруға арналған инновациялық орталықтардың көбеюі – ғылымның болашағына деген сенімнің көрсеткіші. Жастардың ғылымға тартылуы тек олардың жеке жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамға пайдасын тигізеді. Мысалы, робототехника, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ғылыми жетістіктер Түркістан облысының технологиялық дамуына үлкен серпін береді. Жансеріктің жобалары сияқты бастамалар тек аймақтық деңгейде ғана емес, бүкіл ел бойынша үлгі бола алады.

Жастар арасында ғылыми қызығушылықтың артуы соңғы жылдары айтарлықтай байқалады. Түркістан облысындағы мектептер мен жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл өңірде ғылыми жобаларға қатысуға арналған байқаулар мен конкурстар жиі өткізіліп, жас ғалымдар өздерінің идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Мұндай іс-шаралар ғылым мен білім саласындағы жаңа идеялардың туындауына және жастардың ғылымға деген қызығушылығының артуына себеп болуда. Түркістан облысындағы мектептер мен жоғары оқу орындарының арасында ұйымдастырылған ғылыми жарыстар мен байқауларда көптеген жас ғалымдар өздерінің зерттеулерін ұсынуда және жүлделі орындарға ие болуда.

Түркістан облысында ғылымның дамуы – болашаққа салынған инвестиция. Жансерік Камалдың үлгісі ғылымның жастар өміріндегі рөлін және оның қоғамға тигізетін пайдасын көрсетеді. Оның еңбектері жас буынға шабыт беріп, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Егер жастарға қажетті қолдау көрсетіліп, олардың ғылыми ізденістеріне жағдай жасалса, Түркістан облысы ғылым мен инновацияның аймақтық орталығына айналары сөзсіз. Облыс деңгейінде ғылымды дамытуға бағытталған бағдарламалар мен қолдаулардың арқасында көптеген жастар ғылыми зерттеулер жүргізіп, жаңа жобалар ұсынып отыр. Ғылымның дамуы тек экономиканың ғана емес, мәдениеттің де гүлденуіне өз әсерін тигізетін маңызды фактор болып табылады. Түркістан облысының жас ғалымдары мен зерттеушілерінің жетістіктері болашақта үлкен ғылыми инновациялар мен технологиялардың негізін қалауға мүмкіндік береді. Қазақстанның орта мектептері мен жоғары оқу орындары бұл бағытта үлкен жауапкершілік алып, отандық ғылымды жаңа деңгейге көтеруде. Болашақта ғылым мен білімнің үйлесімді дамуы арқылы Қазақстан әлемдік ғылыми кеңістікте өз орнын нығайтады. Сондықтан жоғары оқу орындарының ғылымды дамытудағы рөлін мойындау және қолдау – елдің өркендеуі үшін стратегиялық маңызы бар міндет.