USD
USD
USD

Ақмола облысында екі жылу қазандығы жарылды

Ақмола облысының Жібек Жолы кентінде екі жылу қазандығы жарылды. Бұл туралы Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімдігі хабарлады.

Ақмола облысы
Фото: pech.ru

Асана, NEGE. Жеке тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақты қамтитын жылу қазандығының жарылуынан 1974 жылы туған бір азамат зардап шеккен. Ол Астана қаласындағы №1 көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілген. Пациентке жабық бас ми жарақаты диагнозы қойылды.

Тексеруден кейін пациент амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілген.

Сонымен қатар, Жібек Жолы кентінде «ҚазАрт» ЖШС-да жылу қазандығы жарылған. Бұл оқиға бойынша зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

«Оқиға орнына Аршалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жедел әрекет ету күштері дереу жіберілді: 2 қызметкер мен 1 техника, сондай-ақ Жібек Жолы кентінің авариялық бригадасы (3 адам) аттанды»,- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі