Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың ұлы әскерге кетті

Кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың кенже ұлы әскер қатарына қабылданды. Бұл туралы Рахымбаев әлеуметтік желіде жариялады.

Кәсіпкер
Фото: Айдын Рахымбаевтың instagram парақшасынан

Астана, NEGE. Кәсіпкер Айдын Рахымбаев кенже ұлының әскери борышын өтеуге аттанғанын хабарлады. Оның айтуынша, ұлы десанттық-шабуылдау бригадасына қабылданып, салтанатты түрде әскери ант берген.

«Кеше ант қабылдады. Енді ол еліміздің де, отбасымыздың да қорғаушысы болады. Келешекте оқуын жалғастырады, әзірге нағыз азамат болып Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Барлық сарбаздарға сәттілік тілеймін, аман-есен оралсын!» – деп жазды Рахымбаев.

Кәсіпкердің сөзінше, ұлы жарты жыл бұрын Лондондағы King’s College London университетіне IT мамандығы бойынша оқуға түскен. 

«Біздің арамызда егер оқуына байланысты қандай да бір қиындық туындаса, мен оны қорғаштамаймын, ол ел қатарлы әскерге барады деген келісім болған. Сол сәт келді, енді ол нағыз ер азамат ретінде борышын өтеп жүр», – деді Рахымбаев.

Айта кетейік, Айдын Рахымбаев BI Group құрылыс холдингінің төрағасы. Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарында. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш