USD
USD
USD

Жұманғарин халықтың табысы өте баяу өсіп жатқанын айтты

Премьер-министрдің орынбасары  –Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қазақстандықтардың нақты табысы өте баяу өсіп жатқанын айтты.

ҰЭМ
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Taldau Talks подкастында ол халықтың кірісі «төмендемейді, бірақ тиісті деңгейде өспейді де» деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар - наурыз айларында номиналды жалақы жылдық есепте 10,7%-ға өссе де, жоғары инфляция бұл өсімді шамамен жоққа шығарған. Нәтижесінде нақты жалақы тек бірінші тоқсанда 1,2%-ға ғана артқан.

«2015-2017 жылдары халықтың жалақысы теріс өсім көрсеткен. 2019-2022 жылдары шамамен 8%-дық өсім болды, ал 2023-2024 жылдары - 2,5%, яғни жақсы кезеңдер де болған», – деді Жұманғарин.

Сонымен бірге, ол жалақының алдыңғы кезеңдердегі өсуі әлеуметтік салаға бағытталған ірі қаржылық салымдардың арқасында болғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы