USD
USD
USD

Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күресу үшін екі ЖИ жобасы енгізіледі

Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күресу үшін екі ЖИ-жоба енгізілетін болады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

Бас Прокуратура
Фото: Istock

Aстана, NEGE. Crypto Trace және ProkAi деп аталатын екі инновациялық құралды Шымкент қаласының прокуратурасы мен отандық IT-әзірлеушілер бірлесе отырып жасаған. 

Х. Асылов әлеуметтік желісінде хабарлағандай, екі жоба да қайтарымсыз негізде жүзеге асырылып, Шымкент прокуратурасының балансына берілген.

«Crypto Trace – бұл жаңа буынның іздеу жүйесі, ол желідегі транзакцияларды талдауға және есірткі бизнесінің қаржысын анықтауға көмектеседі. ProkAi – интернеттегі есірткі саудасын анықтай алатын интеллектуалды платформа», – деп жазды Асылов.

Жасанды интеллект 24/7 жұмыс істейді және кәсіби маманға қарағанда ондаған, тіпті жүздеген есе көп іздеу операцияларын орындауға қабілетті. 

Прокуратура мәліметінше, «ProkAi» чат-боты жұмыс істеген үш айдың ішінде 2 000-нан астам дропперлер шоты анықталған.

«Бағдарлама қылмыскерлерден алынған SimBox құрылғыларының көмегімен есірткі дүкендерінің жүздеген нөмірлеріне қосылады және қылмыстық шоттардың кең ауқымын қамтамасыз етеді», – деді Асылов.

Бас прокурор дропперлердің 15 мыңнан астам шоты, оның ішінде 2 мыңға жуығы қазақстандық, 13 мыңнан астамы шетелдік және 620 криптовалюта шоттары анықталғанын айтты. Жүзден астам дропперлер қылмыстық жаіапкершілікке тартылған. Оның сөзінше, соңғы пайда табушылардың нақты крипто-әмияндарын тез арада анықтауға мүмкіндік туды. Бұл әмияндарда шамамен 5 млн USDT сомасына активтер жатыр.

Алдағы уақытта аталған бағдарлама бүкіл ел бойынша енгізілетін болады. 

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт