Түркістан облысындағы ЖОО арасындағы аралық ынтымақтастықты нығайту – маңызды қадам

Түркістан облысындағы жоғары оқу орындарының өзара ынтымақтастығы және жоғары білімнің дамуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, жастарға сапалы білім беру мәселесін алға қойып отыр.
Осы орайда Түркістан облысы еліміздің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында көшбасшы және аграрлық салаға басымдық беріліп, оны дамытудың жаңа мүмкіндіктері іздестірілуде. Түркістан облысында университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту – бұл өңірдің білім беру саласын жаңғырту жолындағы маңызды қадам. Соңғы жылдары еліміздегі және шетелдегі жоғары оқу орындары арасында серіктестік байланыстарды орнатуға деген қызығушылықтың айтарлықтай артқаны байқалады. Мұндай ынтымақтастық білім алмасуға, білім сапасын арттыруға және ғылыми әлеуетті күшейтуге ықпал етеді.
Университеттер арасындағы ынтымақтастықтың басты аспектілерінің бірі – халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік беретін бірлескен білім беру бағдарламалары. Мысалы, екі дипломды бағдарламалар немесе студенттермен алмасу бағдарламалары жастарға екі елдің білім беру талаптарына сәйкес диплом алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар мәдениетаралық дағдыларды дамытады, бұл қазіргі жаһандану жағдайында өте маңызды. Ғылыми ынтымақтастық та маңызды бағыттардың бірі. Түркістан облысының жоғары оқу орындары экология, ауыл шаруашылығы, тұрақты даму және туризм сияқты өңір үшін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен ғылыми жобаларға белсене қатысады. Бұл ынтымақтастық түрлі оқу орындарының ресурстарын және тәжірибесін пайдалану арқылы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға және инновацияларды практикалық іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, университеттер арасындағы ынтымақтастық академиялық мобильділікті дамытуға ықпал етеді. Студенттер мен оқытушылар тәжірибе алмасу және түрлі оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл студенттердің көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, кәсіби байланыстарды орнатуға да ықпал етеді, бұл олардың кейінгі карьерасына пайдалы болады. Білім беру үдерісіне жаңа технологиялар мен әдістерді бірлесіп енгізу де университеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бөлігіне айналуда. Түркістан облысының жоғары оқу орындары цифрлық технологияларды оқу үдерісіне біріктіре отырып, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, білім беру саласында инновациялық жобалардың дамуына жағдай жасауда.
Түркістан облысындағы жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықтың маңызы ерекше. Қазіргі таңда облыста екі маңызды университет бар: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университеті мен Халықаралық Туризм және меймандостық университеті. Бұл оқу орындарында 12 492 студент білім алуда, олардың арасында аграрлық саладағы мамандар да көптеп дайындалып жатыр. Қос университет Түркістан облысының жастар білімін кеңейтуде және жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуде белсенді жұмыс істеуде.
Түркістан облысының экономикалық және әлеуметтік дамуында аграрлық сектордың рөлі зор болғандықтан, университеттердің ынтымақтастығы мен жаңа білім беру бағдарламаларына назар аударылуда. Қазіргі кезде өңірдің ауыл шаруашылығында еңбек ететін жастарды даярлау мәселесі бірінші орынға шығып отыр. Сонымен қатар, Түркістан облысының жастар саны да республикалық деңгейде айтарлықтай үлес қосуда, бұл да жоғары білім саласының дамуында өз әсерін тигізуде.
Алдағы уақытта өңірде Қазақстан-Неміс университетінің филиалын ашу жоспарланған. Германия мен Қазақстанның ынтамақтастығын білім ордасымен жалғастыру екі ел арасындағы халықаралық байланысты мықтырақ ете түседі. Түркістандағы филиалының ашылуы тек қана ауыл шаруашылығына арналған мамандарды даярлаумен шектелмейді. Университеттің мақсаттары аясында зерттеулер мен инновациялар жүзеге асырылып, облыстың тұрақты экономикалық дамуына ықпал етуге бағытталған бағдарламалар іске қосылуда. Сонымен қатар, 2023 жылы екі жаңа білім беру бағдарламасы — «Энергетикалық және экологиялық инженерия» және «Логистика» басталды, бұл Түркістан облысының басқа да салалардағы дамуына әсер етеді.
Тағы бір айтулы жаңалықтың бірі болған, Түркістанда Кореяның 70 жылдық тарихы бар "Woosong" университетінің филиалы ашылады. Бұл жоба бойынша келісімге Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен университет басшысы Ким Сун Кюн қол қойды.
"Woosong" университеті 30 жылдан бері шетелдік студенттерді қабылдап, білім беруде. Университет өкілдері Түркістандағы филиалды Орталық Азиядағы жетекші оқу орындарының біріне айналдыруды жоспарлап отыр. Құрылыс жұмыстары жақын арада жалғасып, жыл соңында немесе келесі жылдың басында университеттің алғашқы кезеңі аяқталмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл жобаға жоғары баға беріп, қажетті шараларды толық орындап, лицензия алу мен дайындық жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.
"Woosong" университетінің басшысы Ким Сун Кюн университетте бәсекеге қабілетті және білімді студенттерді дайындауға барлық жағдай жасалатынын айтты. Бұл жоба Түркістанды білім саласындағы маңызды орталыққа айналдыруды көздейді. Қос тарап университетті ашу бойынша тұрақты ақылдасуға келісті.
Қорыта келе, Түркістан облысындағы жоғары оқу орындарының бірлескен жұмысы, халықаралық серіктестіктері мен жоғары білім саласындағы жаңалықтар аймақтың экономикалық өсуіне және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосатын маңызды фактор болып табылады. Бұл білім беру жүйесі жастардың кәсіби деңгейін арттырып, аграрлық сектор мен басқа да салалардың дамуына зор ықпал ететін болады.
Өңірлік университеттер арасындағы ынтымақтастықтың күшеюі
Түркістан облысында университеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту қажеттілігі айқын. Бір жағынан, бұл өңірдің тарихи және мәдени маңыздылығын ескере отырып, білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, халықаралық байланыстарды нығайту, ғылыми және білім беру жобаларын біріктіру арқылы өңірдің білім беру әлеуетін арттыруға болады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – бұл Түркістан облысындағы білім беру саласының дамуында негізгі рөл атқаратын оқу орны. Университеттің көп салалы білім беру жүйесі студенттерге бакалавриаттан бастап, магистратура мен докторантураға дейін білім алу мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, университет халықаралық стандарттарға сай білім беру және ғылыми зерттеулер саласында өзіндік үлесін қосуда. Халықаралық деңгейде білім берудің және ғылыми жұмыстардың арқасында университет тек Қазақстанның емес, Түркістанның да білім беру картасындағы ерекше орны бар.
Университеттің құрылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізінде жүзеге асты. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес, Түркістан қаласында Халықаралық қазақ-түрік университеті ашылды. Бұл оқу орны алғашқылардың бірі болып, жоғары оқу орындарының арасында халықаралық мәртебеге ие болды. 1992 жылы университетке «халықаралық университет» статусын беру туралы келісім қабылданды, ал 2012 жылы бұл келісім заң жүзінде бекітілді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қазіргі уақытта тек білім беру емес, сонымен қатар ғылым, мәдениет және халықаралық байланыстардың орталығына айналды. Университеттің миссиясы – Түркі тілдес мемлекеттердің арасында инновациялық білім мен зерттеулер саласында жетекші орынға шығу. Осы мақсатты жүзеге асыруда университет көптеген халықаралық серіктестік жобаларын жүзеге асыруда, бұл Түркістан облысындағы білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде дамуына ықпал етуде.
Бүгінде университет Түркістан облысындағы білім беру мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Мұнда түрлі оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында академиялық алмасулар мен ынтымақтастықтар ұйымдастырылуда. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен басқа жоғары оқу орындарының арасында ортақ ғылыми жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылып, бұл оқу орындарының білім беру сапасын жақсартуға және ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етуде.
Түркістан облысындағы университеттердің халықаралық байланыстарды дамытуы
Түркістан облысының жоғары оқу орындары халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы өздерінің білім беру деңгейін жоғарылатуды мақсат етеді. Бұл бағытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің рөлі ерекше. Университет тек қана Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру байланыстарын нығайтып қана қоймай, әлемнің басқа да елдерімен, әсіресе Түкістан облысында орналасқан университеттермен өзара ынтымақтастықты арттыруда. Түркістан қаласының мәдени және рухани орталығы ретінде, мұнда білім алу үшін тек қазақстандық студенттер ғана емес, сонымен қатар, әлемнің әр түкпірінен жастар тартылады.
Университеттер арасында жүргізілетін академиялық мобильділік, ортақ ғылыми жобалар, білім беру бағдарламалары мен тәжірибе алмасу бағдарламалары халықаралық білім беру деңгейін көтеруге ықпал етеді. Сонымен қатар, университеттер арасындағы ынтамақтастық ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды дамытуға жағдай жасайды. Бұл, өз кезегінде, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуға да ықпал етіп, жоғары білімді кадрларды даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Халықаралық қазақ-түрік университеті және Түркістан облысындағы басқа да оқу орындары арасындағы ынтымақтастық өңірдің білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Университеттің халықаралық байланыстарды дамытуы және ғылыми зерттеулерді ынталандыруы өңірдің білім беру әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл өз кезегінде Түркістан облысының ұлттық және халықаралық білім беру картасында маңызды орын алуға мүмкіндік береді. Мысалы, оқу орындары арасында тәжірибе алмасу, бірлескен бағдарламалар мен зерттеулер жүзеге асырыла отырып, өңірдің болашақта инновациялық білім мен ғылыми ізденістер орталығына айналуына ықпал етеді.