USD
USD
USD

Қазақстанның екі өңірінде ет бағасы сәл арзандаған

Қазақстанда 28 қазан мен 4 қараша аралығында сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігі 0,1%-ға арзандады. Қазір оның орташа бағасы – 3 247 теңге. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 

баға
Фото: ашық дереккөз

Астана, NEGE. Сиыр етінің сәл арзандауы Қонаев пен Петропавл қалаларында байқалады. Аталған өңірлерде сиыр етінің бағасы бір апта ішінде 1%-ға төмендеген. Қазір бұл қалаларда еттің бағасы 3 320 және 3 428 теңгені құрайды.

Ал Шымкент, Атырау және Тараз қалаларында сиыр еті сәл қымбаттады. Бағалар Астана, Алматы, Ақтау, Көкшетау, Жезқазған және басқа қалаларда өзгеріссіз қалды. Ең арзан сиыр еті Түркістанда, ал ең қымбаты Өскеменде сатылады.

Айта кетейік, бір жыл ішінде сиыр еті Қазақстан бойынша орта есеппен 26,6%-ға қымбаттаған. Оның жоғары бағасы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің қымбаттауына негізгі әсер етті. Ет бағасы ең көп көтерілген өңір Петропавл мен Жезқазған. Онда баға – 40%-дан астам өскен.

Қазір оқып жатыр

Таиланд қазақстандықтардың визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

Таиланд

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина