8 Мамыр 10:53
...

Грузия экономикасы құлдырап кетті ме?

Фото:

Грузия экономикасында да құлдырау байқалады. Елде экспорт пен импорт азайып, туризмнен табыс түспей тұр.

Алматы, NEGE. Ұлттық банк: «бұлай жалғаса берсе, биыл ел экономикасы 4% төмендейді» деп болжап отыр. Грузия экономикасы қиын кезді бастан кешіріп жатыр. Наурыз айында тек құрылыс және ақпарат пен байланыс салаларының өсімі тіркелді. Қалған салалардың түгелі құлдырап кетті. Елде індет шарықтау шегіне жетпегендіктен, сарапшылар әзірге нақты болжам жасаудан аулақ. Алайда, өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда инфляция деңгейі  7% құрады.

Біріншіден, кейбір өнімдерге сұраныс кеміді, ал экономика заңдары бойынша бұл бағаның арзандауына әкелуі керек. Екінші жағынан індетке байланысты елге жеткізілетін тауарлар мөлшері азайған. Сондай-ақ валюта бағамының өзгеруіне байланысты бұл тауарлар қымбаттады. Осы екі фактордың қайсысы басым болатыны әзірге белгісіз. Үкімет экономиканы дағдарыстан шығару жоспарын әзірледі. Әсіресе, ауыл шаруашылығын дамыту мен туризмді қайта жандандыруға үлкен көңіл бөлінеді. Қазір елдегі шектеулер біртіндеп жеңілдетіле бастады. Екі ірі қала – Батуми мен Кутаиси ашылып, онлайн дүкендер, кейбір ауылшаруашылық базарлар, құрылыс компаниялары, автокөлік жөндейтін және құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар өз жұмысын бастады.

Елде 180 мыңнан аса компания бар. Ал, мәселен құрылыс саласындағы әр компания он шақты жобаны іске асырады. Осыған байланысты бизнестің ашылуы барынша қауіпсіз өту үшін, бар күшімізді тексеруге жұмсаймыз. Күн сайын бір мыңнан аса компанияны тексереміз. Үкіметтің мәлімдеуінше, эпидемиологиялық ахуал тұрақты болса, кейбір компаниялар белгіленген мерзімнен ерте жұмысын бастауы мүмкін. Алайда, Грузияда азық-түлік бағасы әзірге тек өсіп келеді. Ал ашылайын деп жатқан сұлулық салондар мен тіс емханаларының қызметі тұрғындардың көбісі үшін тым қымбат болатын түрі бар.
 

Тегтер: